Әйеліне 350 мың долларға кино түсіріп берген Қайрат оны қатты сүйетінін айтты

Танымал әнші Қайрат Нұртастың 350 мың долларға таспалаған екінші "Арман" атты киносынан кейін оның жары Жұлдызға деген сұраныс артқан деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

«Арман» фильмінде драма да, экшн де бар. Сценарийі күрделі. Дегенмен, Жұлдыздың шебер ойнауының арқасында фильм сәтті шықты дейді Қайрат. Тіпті, осыдан кейін әншінің жарына деген сұраныс та артқан.

Еліміздің танымал деген кинорежисерлері Қайраттың өзіне хабарласып Жұлдызды актриса ретінде көргісі келетіндерін айтыпты. Алайда, Қайрат бұған көне алмайды.

"Киноға ұсыныстар келді. Бірақ, мен оны жібермедім. Себебі, мен ғана түсіремін оған кино. Өйткені, ол менің жарым. Мен қаламаймын басқа актерге қарап, бірге махаббат рөлін ойнағанын", - деген әнші отбасымызға бір жұлдыз жетеді дейді.

"Үйге бір Жұлдыз жетеді. Мен Жұлдызды «жұлдыз» болсын деп шығарған жоқпын. Жұлдыздың киносын түсіріп беремін. Жұлдыз актриса ғой, әр адамның арманы бар", - дейді ол.

Соңғы кезде Қайрат жүрген жерінде жарына деген сезімін ашық білдіріп жүр.

"Мен оны қатты сүйемін. Одан артық керек емес", - дейді әнші Қайрат Нұртас.

Айта кетейік, Қайраттың жары ел алдына шыққалы бері бойындағы өнері жаңа қырынан таныла бастады. Алдымен әнші Қайраттың әр аймақта өткен кештерін жүргізді. Кейін жарымен дуэт орындады. Ақтөбе қаласында ұйымдастырылған ән кешінде Жұлдыздың Қайратпен айтқан әнін тыңдаған халық аң-таң қалды.

Бұдан өзге Жұлдыз түрлі киімдерді жарнамалап жүр. Яғни, өзін модель ретінде де сынап көруде.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста