Әйелдерге бақытты болуды үйретемін

Әйелдерге бақытты болуды үйретемін

Қазақ әйелі бағзы заманнан-ақ даланы қорғап, ерлермен иық тіресе ерлік жасаған. Сондықтан да болар, Жаратқан иеміз оларға өмірге ұрпақ әкеле алатын ерекше қасиет беріп, отбасының береке-бірлігін ұйытып отыруды нәсіп еткен. Ал әйелдер қауымы қанша жерден нәзік жанды бола тұра, бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетіп келеді.
Олар заман талабынан да шыға біледі. Өркениет ағымынан да қалыспайды. Өкініштісі осы қарбаласқа толы тіршілікте, әсіресе, әйел адамдар өзінің жан-дүниесі мен болмыс бітімін ұмытып кетіп жүр.
Бүгінгі кейіпкеріміз Исмагулова Гүлмира Қуанышқызы әйел затына тән қасиеттерді оның бойынан тауып, оған қоса әр әйелдің өзін бақытты сезінуі үшін қандай қадамдар жасау керек екендігін үйретуді өзінің өмірлік ұстанымына айналдырған жан.
– Осындай жауапкершілігі мол салаға қалай келдіңіз?
– Негізі мамандығым агроном ( күліп). Бірақ, бұл салада мүлдем қызмет етпегем. Әрқашан сұлулыққа, эстетикаға жақын болып, үлкен косметологиялық компанияда басқарушы қызметін атқардым. Көп ізденетінмін, жаным жаңалыққа құмар. 2005 жылы бүкіл өміріме әсер ететіндей тренингтен өттім. Онда «Өмір деген не? Сен үшін өмірдің мәні неде? Арманыңды шындыққа бүгін айналдыру үшін қандай әрекет етіп жүрсің?» деген сұрақтарға жауап іздеп, өзімнің мүмкіндіктерімнің әлдеқайда биік екенін түсіндім. Содан бастап
2008 жылға дейін тынымсыз ізденіп, көп оқыдым. Шетел асып, маманданған психолог, тренерлерден сабақ алып, қай салада маманданатымды анықтадым. Маған жақыны – әйел жаны, әйелдердің өмірі екеніне көзім жетті.
Әйел болу – үлкен өнер. Аллаһ Тағалам бізді табиғатымыздан ерекше жаратқан. Нәзіктік, сұлулықпен қатар өмірді гүлдендіріп, жер жүзін жадырататындай жылулық берген. Кез келген қиындықтан мойымайтын жігер мен шыдамдылыққа бөлеген. Әлемді алақанымен аялай алатын  құдіреті бар әйелдердің бақытсыз күй кешіп, өмірден орнын таба алмай жүргені қатты мазалайтын. Осыған орай нәзік жандылардың жан-жақты дамуына арналған академия неге ашпасқа деген ой келді. Сөйтіп, 2008 жылы осы орталықты аштық. Бүгінгі таңда қарқынды жұмыс жасаудамыз.
– Батыс Қазақстан бойынша жалғыз орталықтың иесі болу қаншалықты қиын?
– Адам өзінің жанына жақын ісімен айналысса, түбі жемісін көретіні анық. Бұл іс тек тоериямен шектелмейді. Бұл академия адамдардың жан-дүниесінің лабороториясына айналған. Өз басымнан өткен жағдайдың басқа әйелдерді де мазалап жүргенін көрдім. Сөйтіп осы саланың сарапшысы болуға белімді бекем буып, кәсіпкерлікпен айналыстым. Еңбегім еш кетті деп айта алмаймын. Біраз жетістікке де, атақ-даңқ пен байлыққа да қол жеткіздім. Жұмысымды жандандырам деп жүргенімде нәзіктік пен жұмсақтықтың жайына қалғанын аңғара бастадым. Жұмыс жасаушы роботқа айналып кеткенімді өзім де байқамай қалыппын. Бүгінде бұл таңсық емес көрініс. Бұның әлеуметтік түсініктемесі де бар.
90 жылдардың соңы мен
2000 жылдардың басында әйелдер қарқынды жұмыс жасай бас-тады. Көп жерлерде жаппай әйелдер коллективі пайда болды. Әйелдер тұрмыстың қамымен, ақшаның соңына түсіп көп нәрседен қалып қойып жатты. Сол әйелдердің қатарында мен де бармын. Өмірдің бар ауыртпалығын өзім арқалап, әйел болып күліп, жарқырап, жадырап жүруді ұмыттым. Байлыққа кенеліп, қанша жерден атаққа бөленсе де, әр әйел отбасын құрып, бала сүйіп, нағыз азаматтың сүйікті жары атануды армандайды. Менің көздегенім де осы. Әйелдердің бақытты болуына барынша ықпал ету.
– Көп жағдайда сіздің орталыққа қандай әйелдер келеді?
– Бір қуантатыны, қазақ қыздары мен әйелдері көп келеді. Менің танысым, бір ретте, қазірде жанары жанып, жүзі нұрланып, жадырап жүретін қазақ қыздарын  сирек көремін деп қынжылып, ойын айтқан болатын. Негізінен, қазақ қызы, қазақ аруы,қазақ келіні, қазақ аруанасы деген ұғым бәріміздің санамызда белгілі бір стереотип болып қалыптасқан. Және де бұл әйел адамзатының эталоны деп ойлаймын. Айғаным, Зере, Ұлжан, Ұлпан сияқты аналарымыз өздерінің данагөйлігімен ерекшеленетін. Менің аңсарым да қанымызда бар қасиетті заманның ағымына сай қалыптастырып, жан- жақты, білімді, өнерлі толыққанды тұлға, өз саласының нағыз маманы, отбасының ұйытқысы, жанашыр ана, сүйіктісінің еркесі, мәңгі жас, жүрегі жылулық пен махаббатқа толы әйелдердің қатарын көбейту.
– Сізге әйелдер қандай мәселемен көбірек хабарласады?
– Көптеген әйелдерге ортақ мәселе – жалғыздық. Біреу күйінгеннен жалғыз, біреу қорыққаннан жалғыз. Біреулері «азамат деп ауыз толтырып айтатындай адам іздеп жүрмін, теңім жоқ» дейді. Меніңше бұлай ойлау үлкен қателік. Әсіресе, жас қыздар «ханзадасын» күтумен көп нәрседен ұтылады. Өмірдің ең бас-ты әрі ең құдіретті заңы – тартылыс заңы. Жүрегіңді, ойыңды, ниетіңді, жаның мен тәніңді тазалықта ұстап, жақсылыққа жақын жүріп, өкпе-реніш, көре алмаушылық, қызғаныштан бойыңды аулақ ұстасаң, өмір де өз сыйлығын ұсынады. Өз теңінді табасың. Жанның сұлулығымен қатар сыртқы әсемдікті де ұмытпаған жөн. Бірақ, бүгінде көптеген қыз-келіншектер сыртын сипалаумен әлек. Бұның бәрі жалғандыққа әкеледі. Әйел затының бойында ер адамның табиғатына жат энергия болады. Бұл адамның ішкі жан дүние айнасы. Менің мақсатым әйелдердерге болмысына тән сұлулық пен жылулықты қайтару немесе жас қыздарға өмірге жаңа қадам басқан шағында кездесетін қателіктердің алдын алу. Бәрінің іздейтіні– махаббат. Бірақ махаббат, бұл белгілі бір жету нүктесі емес екенін ұғу керек. Бұл – үздіксіз процесс. Күнделікті, әр сағат, әр минут сайын өсіп немесе өшетін сезім.
– Неліктен қызметте белгілі бір биіктікке көтерілген қыздар көп жағдайда жалғыз қалып жатады? Мұндай әйелдерге айтарыңыз бар ма?
– Әрине, бұл заман бейнесі. Түкке тұрғысыз, айтқан сөзіңді түсінбейтін ер емес ез жігіттерге өзімді құрбан еткенше, жалғыз болғаным артық деген ұстаныммен өмір сүретін әйелдерді күнделікті тәжірибемде жиі жолықтырамын. Бұл ұстанымды өзгерту үшін үлкен еңбек керек. Менің тренинг сабақтарымда бұл сұрақ жан жақты қарастырылады. Түбінде әр әйел қасынан арқа сүйер азаматтың болуын қалайды. Ұлыбританияның атақты жазушысы
Джоанна Роулингтің: «Өмірде қателіксіз өмір сүру -
өмір сүрмегенмен тең» деген сөзі бар. Сондықтан көп қателікке ұрынып-ақ, дүние астан-кестең болып жатқан жағдайдың өзіңде жеңіп шығуға болады. Ал өмірдің жеңісі дегеніміз Жаратқанның саған берген бар ащысы мен тұщысының дәмін татып, соның әр кезінен рахат алу.
– Өз ісіңіздің ерекшелігі неде деп ойлайсыз?
– Бұл сұраққа біржақты жауап беру қиын. Адамның дүниесі түпсіз терең тұңғиық. Жұмыс барысында көретінім – әйелдердің шексіз сұлулығы мен ақылдылығы. Тек кейбіреулері бұның бәрін бетперденің астында ұстайды. Менің жұмысымның ерекшелігі әйелдерге осының бәрін көрулеріңе мүмкіндік ету.
– Демек, бақытты болуға да үйренуге болады екен ғой?
– Әлбетте, әйел болып туылғанымыздың өзі бақыт.  Тек кейбір әйелдер бұл туралы ұмытып кеткен болар. Біреулер маған сұлу болу, бақытты болу пешенеме жазылмаған деген жалған пікірде өмір сүретіндіктен, дүниенің бар кереметіне «жоқ» деп, өзі тоқтатып тас-тайды. Олай болуы мүмкін емес жағдай. Бұл адамзаттың үлкен қателігі.
Бұндай тренингтерді өткізу үшін теория түк те емес, адамның рухани биіктігі, сезім тереңдігі ұшан теңіз болуы тиіс. Өткен жылы  Гүлмираның бұл кәсіппен айналысып жүргеніне бес жыл толды. Кейіпкеріміздің айтуынша бес жылдың ішінде талай қызықты жағдайлар көп болған. Жүрегін жаралаған жалғыздықтан айрылып, махаббатарын жолықтырған, өз ісіңде биік жетістіктерге жеткен әйелдер арасында алғыстарын айтып келгендер көп болды дейді.
Бүгінде Гүлмира ханым бақытты әйел, аяулы ана, сүйікті жар. Өмірлік ұстанымын өз ісіне айналдырған маманданған жаттықтырушы ұстаз.  Әйелдерге бақытты болуды үйрететін ерекше маман иесінің бойынан нағыз әйелге тән бар қасиеттерді көруге болады.
Жас болсын, кәрі болсын әр әйел бұл өмірге гүлдей құлпырып, күндей жайнау үшін келетініне тағы бір мәрте көз жеткізгендей болдым.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста