Айдана Меденова діни сеніміне байланысты қазір ән де тыңдамайтынын айтты
КешYou тобының экс-мүшесі Айдана Меденова діни сеніміне байланысты қазір ән де тыңдамайтынын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Әншіден оқырманы "Енді ән айтпайсыз ба" деп сұраған.
Айдана Меденова өзінен-өзі музыкадан алшақтап кеткенін жазды.
"Жоқ. Ең қызығы, тіпті тыңдамаймын қазір. Жалпы, маған қиын болады деп ойлағанмын кезінде... Керісінше, Аллах маған жеңілдетіп қойды бәрін, өзімнен-өзі музыкадан алшақтап кеттім, түк қиналмай. Альхамдулиллях. Аллах ұлық, ниетіңе қарай бір секундта адамның жағдайын өзгерте салады", - деп жауап берді ол.
Еске салайық, бұған дейін әнші, актриса Айдана Меденова өнерден қол үзбейтінін айтқан еді.
Ол сонымен бірге көптің көкейіндегі сұраққа жауап берген еді. Өзінің дінге қалай келгені туралы айтып, TikTok-тағы парақшасында видео жариялады. Әншінің өнерден кетіп, дінге түбегейлі бет бұрғанын оның тыңдармандары қабылдай алмаған. Оның айтуынша, мұны "арабизм" деп сөккендер де табылыпты.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz