Отандық танымал актриса әрі блогер Әсел Асқар анасымен бірге жаңа фотосессияға түсті. Анасы мен қызы көпшілікке бірқатар ашық образдарды паш еткен. Аяғы ауыр жұлдыз тіпті өзінің жалаңаш кейіптегі суреттерін жариялаудан жасқынбаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әсел Асқар ашық фотосессиясының кадрларымен өзінің Instagram парақшасында бөліскен. Фотода өнер иесінің жалаңаш кейіпте омырауын қолымен жауып тұрғанын көруге болады. Оның үстін тек жұқа матамен жауып қойған.
Фото: Instagram/assel.askar
Жалғызбасты актриса анасымен бірге түскен түсірілімнің көңілінен шықанын айтып, өз ризашылығын білдірді.
Фото: Instagram/assel.askar
Танымал блогер бұл фотосессияға ұзақ дайындалғанын жеткізді. Белгілі болғандай, ол суреттердегі образдардың барлығын өзі ойлап тапқан.
Алайда, түсірілім барысында кейбір кедергілерге тап болған. Әсел Асқар ашық образдарға қатысты анасымен келісе алмай, оны барынша көндіруге тырысқанын айтты.