Қазақстандық белгілі дизайнер Ая Бапани Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ая Бапани cұхбатында өзінің есімі жайлы, әкесі жайлы және неліктен кейбір көйлектерді дайындауға бір ай уақыт кететіні, сондай-ақ, Қазақстандағы сән көрсетілімдерінің шетелдік көрсетілімдерден қандай айырмашылықтары бар екенін айтып берді. Мұнымен қоса, дизайнер жеке өмірі мен Швейцариядағы жұмысы жайлы әңгімеледі. Сонымен қатар, дизайнер елімізде fashion-бизнесті дамыту үшін не істеу керектігі және оған қанша ақша қажет екені жайлы ойын айтты.