Ағынды Ақсу арынды ақындарды шақырады

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Биыл респу­бли­камыздың көптеген ауданы өз­де­рінің 80 жылдық мерейтойларын кең көлемде атап өтуде. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырған осындай атаулы күнді салтанатпен тойлауға Алматы облысы Ақсу ауданының халқы да ерекше дайындық үстінде.
Осы орайда Алматы облысы Ақсу ау­да­ны әкімшілігі Қазақстан Жазушылар ода­ғымен бірігіп, ауданның 80 жылдығы қар­саңында жазба ақындардың рес­пуб­ликалық «Ағынды менің Ақсуым» атты жыр мүшәйрасын жариялаған болатын. Осы жобаның заңды жалғасы ретінде бұған қоса Алматы облысы мен Ақмола облысының ақындары арасында «Сараның сіңлілері – Біржанның інілері» деп аталатын республикалық ақындар айтысын да өткізу жоспарланған.
Бұлар – тамыры тереңде жатқан бай әдеби мұрамызды халық арасында кеңінен насихаттау арқылы жас ұрпақтың бойына отаншылдық дәнін егіп, рухани тынысы­мыз­дың ашылуына септігін тигізетін жо­балар. Аталған екі жоба да алдағы 5-7 ма­мыр күндері аралығында Алматы об­лы­сы Ақсу ауданының 80 жылдық мерейтойы күн­дері қорытындыланбақ. Мүшәйра мен айтысқа қатысуға ниетті шығармашылық иелері қосымша ақпарат алу үшін 8(727) 2 61 12 52 телефонына хабарласуына бо­лады.
Мүшәйра жөніне келсек, оның негізгі мақ­саты – Алматы облысы Ақсу ау­да­ны­ның шежірелі тарихын, өткені мен бүгінін, ел­ден шыққан тұлғалардың бүтін бітімін жыр тілімен насихаттау, жұртшылықтың поэ­­зияға деген құштарлығын арттыра оты­рып, өлең сөздің құдіретін жанымен се­зі­ніп, жүрегімен түйсінуге ықпал ету, Ақсу ау­­да­нының әлеуметтік әдеби-мәдени са­ла­­дағы табыстарын жырға қосу. Ағынды Ақ­су елі Алаштың арынды ақындарын ша­қы­­ра отырып, өткен тарихын той та­ғы­лы­­­мы­­мен сабақтастыруға ниетті болып отыр.
Аталған мәдени шараны ұйымдас­ты­ру­шылар таратқан ақпараттық парақшада «Ілияс Жансүгіров 45 жасында өмірден озғандықтан, мүшәйраға 45 жасқа дейінгі ақындар ғана қатыстырылады. Мүшәйраға ат қосқан ақын үш өлеңін жолдауы тиіс. Оның біреуі – Ақсу ауданына, екіншісі Ақ­су ау­данының тумасы, қазақ поэзия­сы­ның құ­ла­гер ақыны Ілияс Жансүгіровке ар­на­лып, үшінші өлең еркін тақырыпта бо­луы мін­дет­ті. Бәйгеге ұсынылатын туын­ды­лар­дың көлемі бес беттен аспауы шарт» де­лінген. Шығармаларды қабылдау бүгін кеш­ке аяқталады. Сондықтан да жүлдеден үміт­­кер­лердің әлі де мүмкіндіктері бар.
Мүшәйра қорытындысы Ақсу ау­да­ны­ның 80 жылдық мерейтойы қарсаңында шы­ғарылады. Жүлдегер ақындар ме­рей­тойға арнайы шақырылады.
Қазылар алқасының шешімі қайта қа­рау­­ға жатпайды. Мүшәйра жүлдегерлері төс­­белгі-медальдармен, дипломдармен және Ақсу өңірінен шыққан әдебиет пен мә­де­ниет қайраткерлері Ілияс Жансүгіров, Қа­быз­шы Молықбай, Ғали Орманов, Са­йын Мұратбеков, Құдаш Мұқашев, Қа­ни­па Бұғыбаева, Өтепберген Ақыпбеков, Жа­мау Бұқарбаев, Ораз Жұмашев, Са­ғын­бо­лат Тін­таев, Свет Оразаев атын­да­ғы ар­на­йы сый­лықтармен марапат­та­латын бо­лады.
Жазушылар одағы ұйытқы болып отыр­ған екінші жоба – «Сараның сіңлілері – Бір­жанның інілері» деп аталатын рес­пуб­ли­калық ақындар айтысы да өз деңгейінде өткізілмек. Қазақтың атақты ақын қызы Са­ра Тастанбекқызының туған өлкесінде тарихта із қалдырған әйгілі «Біржан мен Са­ра айтысын» жаңғыртуды, дәстүрлі қыз бен жігіт айтысын дамытуға үлес қосуды, елден шыққан тұлғалардың бірегей бол­мы­сын сара сөз арқылы насихаттауды мақ­сат тұт­қан айтыс та өз тыңдаушысын табады де­ген сенім бар. Алдын ала іріктеуден соң ай­тысқа қатысқан «Сараның сіңлілері» мен «Бір­жанның інілеріне» қазақ өнерінің белгілі тұлғалары Біржан мен Сара атын­дағы және Ақсу ауданының аузымен құс тіс­­теген суырыпсалма шайырлары қарт Тол­­ғамбай, Қуат Терібаев, Иманғали Қа­лиас­қарұлы сынды халық ақындары атын­дағы арнайы қаржылай сыйлықтар табыс етілмек.
Шығармашылық одақ пен жергілікті әкімшіліктердің бірлесіп қолға алып жүрген мұн­дай игі бастамалары мен рухания­ты­мыз­ға дем беретін жобалары алдағы уа­қыт­та да өз жалғасын тауып отырса деген ті­лек бар. «Ағынды менің Ақсуым!» деп жыр жүйрігі Ілияс жырға қосқан Ақсудағы той аламаны аясында өтетін айтыс пен мү­шәй­­раның қорытындыларын газетіміздің ал­дағы сандарында жариялайтын бола­мыз.

Бәйге мөлшері:
Бас бәйге (біреу) – 300 мың теңге.
Бірінші бәйге (біреу) – 200 мың теңге.
Екінші бәйге (екеу) – 150 мың теңгеден.
Үшінші бәйге (үшеу) – 100 мың теңгеден.
Ынталандыру бәйгесі (бесеу) – 75 мың теңгеден.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста