Адыраспан жырдың құнары

Адыраспан жырдың құнары

Қабырғалы қазақ әдебиеті тағы бір қарымды қаламгерінен айырылды. Өз оқырманын ойлы да орамды өлеңдерімен сусындатып, ұлт әдебиетінің дамуына айтарлықтай үлес қосқан талантты ақын, білікті журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Дүйсенбек Қанатбаев 71 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Ұзақ жылдар қазақ теледидары мен радиосында өнімді еңбек етіп, ел есінде қаларлықтай талай хабарлардың авторы болған қаламгер, тәжірибелі журналист ретінде де қазақ журналистикасына қызмет етіп жүрген бірнеше буынға ұстаз бола білді. Өмірінің соңына дейін қаламы қолынан түспеген Дүйсенбек Қанатбаев 1940 жылы 27 қазанда Түрікменстанның Красноводск ауданы Сүмен ауылында ту­ған. Орта мектепті бітірген соң медици­­на училищесін тамамдап, фельдшерлік қызмет атқарған. Алайда сол кездегі жас дарын Дүйсенбектің әдебиетке деген ынтасының қуаты оны рухани кеңістікке жетелей берді. Ақыры әдебиет пен өнерге ден қойған ол Қазақ мемлекеттік уни­вер­ситетінің философия факультетін бітіріп, 1965-1973 жылдары республика­лық те­ле­дидарда аға редактор, 1973-1978 жыл­дары «Жазушы» баспасында редактор қыз­метін атқарады. Талғам мен таланты ерте байқалған жас қаламгер осылайша қа­зақ руханиятында өз орнын айқындай бас­тайды. Шығармашылық-ұйымдастыру­шы­лық жұмыстарға белсене араласып жү­ріп, ол 1978-1982 жылдар аралығында «Қа­­зақфильм» киностудиясында бас ре­дак­торлық қызмет атқарады. Кейін «Жазу­шы» баспасына қайта оралып, сонда бөлім мең­герушісі болады. Бұдан соң республи­ка­лық радиода әдебиет, мәдениет және өнер бөлімінің бас редакторы қызметін ат­қарған. Соңғы жылдары «Қазақстан» теле­ар­насы мен Қазақ радиосында авторлық жо­баларын жүзеге асырып, өмірден ерте оз­ған тұғырлы тұлғалар жайында, әдебиет пен өнер турасында бірнеше тамаша ха­барлар жүргізді. «Адыраспан», «Адай» деп аталатын алғашқы өлеңдері сонау 1960 жылдардың басынан бастап жарық көріп, қазақ өлеңінде өз қолтаңбасын қалдырған Дүйсенбек ақынның «Жазира», «Жол ба­сы», «Серпер», «Аспан асты, жер үсті», «Таң­ның атысы, күннің батысы», «Жатаған ымырт, биік таң» деп аталатын 15-тен астам кітаптары жарық көрген. Өлеңдері орыс, түрікмен, әзірбайжан, башқұрт, ук­раин тілдеріне аударылып, алыс-жақын шетелдерде де лайықты бағасын алған. Ақындық пен журналистиканы қатар алып жүрген ол аударма саласында да сүбелі еңбектер жасады. Дүйсенбек Қанатбаев әлемдік әдебиеттің классикалық үлгілері саналатын жауһарлардың ішінен Мақтым­құ­лыны, Франческо Петрарканы, Саят-Нова­ны, Лермонтовты тәржімалады. Со­ны­мен қатар кезінде түрлі саяси тартыс­тар­ға өзек болған түрікменбашы Сапар­мұ­рат Ниязовтың «Рухнама» кітабын қазақ ті­ліне аударған. Осы аудармаларының ішін­дегі ең бір шоқтығы биігі – шығыстың ұлы ақындарының бірі, түрікмен халқының да­нышпан ұлы, сөз зергері Мақтымқұлы Фра­гидің жыр мұрасының қазақ тіліндегі аудар­масы болды.
Өмірде барынша қарапайым әрі шын­шыл, әдебиетке адал қызмет еткен қалам­гер азамат Дүйсенбек Қанатбаевты соңғы са­парға шығарып салу рәсімі кеше Қазақ­стан Жазушылар одағының ғимаратында өтті. Алаштың аяулы перзентінің денесі қа­зақтың арда туған азаматтары жерленген Кең­сайдан орын тапты. Осылайша тағы бір қа­ламгеріміздің екінші мәңгілік ғұмыры бас­талып кетті... Туған топырағынан екі елі ажы­рамайтын, адыраспан жырдың құнары мен қасиетінен нәр алып өскен көрнекті ақын, шебер журналист Дүйсен­бек Қанат­баев­тың бай әдеби мұрасы хал­қымыздың рухани қазынасын толықтырып, әлі де талай ұрпақтың игілігіне жарай­тыны­на кәміл сенеміз.
Төлен ӘБДІКОВ, жазушы:
– Дүйсенбектің болмысы тазалық пен адалдықтан тұратын. Ешқашан жалған сөйлеп, кісінің артынан ғайбат айтпайтын. Қашанда қаламына адал болып, өз шығармашылығын жарнама­лау­ға әуестігі жоқ болатын. Атақ пен ман­­сапқа, қызылды-жасылды дүние мен байлыққа қызықпады. Қо­лын­да билігі бар мықтыларға емес, кеудесін жақ­сылыққа толтырған жайсаң жан­дарға жақын жүрді. Осыдан жарты ғасыр бұрын түрікмен топырағынан қа­зақ жеріне келген қаламдас досымыз елін сүйген азамат ретінде де, ұлтының мұңын жоқтаған ақын ретінде де таны­лып, мойындалды. Оның әдеби шығар­ма­лары нәзік лиризмге құрылып, адам жанының нәзік пернелерін қоз­ғады. Ал теледидар мен радио сала­сын­да жаса­ған хабарлары миллион­даған қан­дас­тарымыздың жүрегін тер­беп, ұлттың руха­ни санасына кәдімгідей қоз­ғау сал­ды деуге болады.

Көпен ӘМІР-Бек, сатирик-жазушы:
–    Қазақ әдебиетінде әлдеқашан өзінің орнын айқындаған Дүйсенбек ағамыз қазақ журналистикасының қа­лыптасып, дамуына қыруар еңбек сіңір­ді. Дүйсекеңнің журналистік тәж­і­ри­бесі өзінен кейінгі талай жастарға үлгі болып, бір өзі бір мектепке айнал­ды. Ол кісінің қолынан шыққан теле­ви­зиялық және радио хабарлардың бар­лығы дерлік бүгінде «Алтын қоры­мыз­да» қатталып тұр. Туғаннан бойында ерек­ше дарыны бар қаламгер ағамыз өте еңбекқор болды. Бейнелеп айтсақ, Дүйсекең журналистика саласында: өзі жер жыртты, өзі бидай екті, оны өзі кү­тіп-баптады, өзі жинап, бас­тырды. Маң­дай терімен келген осы ырысты алып диірменге өзі салып өт­кізді. Бұдан соң керегін бір жаққа, кебегін бір жаққа екшеп, сұрыптады. Осылайша талғам­паз талант иесі әрдайым ел-жұртына
ең бір тұшымды да тартымды дүние­­лер ұсы­нуға бейілді болатын. Қаламгер аға­мыз көзі тірісінде байлық жинамаса да, енді өзі байлыққа айналды.

Бір өлең
Адыраспан
Дала – аңызақ 
қаптаған
Алтыннан қазір
су сыйлы.
Өмірде тыным
таппаған
Қып-қызыл шағыл
сусиды.

Жалбарын, жалын,
өл мейлі
Татырмайды аспан нәр.
Тек оған көңіл бөлмейді
Шөлдегі адыраспандар,

Иісі мен кермек
дәмі үшін
Оны ешкім
көзге ілмейді.
Сонда да бұзбай
болмысын
Өзінше ол да гүлдейді.

Даланың долы желі де
Жұлқиды
адыраспанды.
Сонда да ол
өнген жерінен
Екі елі ажыраспайды…

Дүйсенбек ҚАНАТБАЕВ


 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста