Әдепсіздігі үшін қуылған өзбек әншісі Қазақстанға қашып келді

Жақында ғана «ұятсыз» видеороликке түсіп қалғаны үшін Өзбекстанда лицензиясынан айрылған әнші Эсмеральда Рахматова (творчестволық лақап номы Тамила) Қазақстанға кетіп қалды. Бұл туралы Qalampir сайтының дерегіне сүйенген ras.kz хабарлады.

Өзбектің сатиралық порталы әнші қыздың кетер алдында өзінің Instagram-дағы аккаунтын алып тастағанын хабардар етеді. Сейсенбі, 2 ақпан күні «Узбекнаво» мемлекеттік эстрадалық бірлестігі ашық-шашық қалыпта видеороликке түсіп, басы жанжалда қалғаны үшін Тамиланың лицензиядан айрылғанын мәлімдеген еді.

«Орындаушы талабы мен лицензиялық келісім талаптарын бұзуына байланысты әнші Эсмаральда Рахматованың (Тамиланың) лицензиясы, сондай-ақ оның концерттік-ойын сауық әрекеттерін лицензиялау туралы ереже тоқтатылды», – делінген хабарламада.

31 қаңтар күні Telegram месенджерінде Тамланың қатысуымен түсірілген екі видео пайда болды. Белгісіз біреу орналастырған бұл роликтердің біріншісінде бір ер кісі Тамиладан эстрадаға дейін немен шұғылданғанын сұрайды. Бұған әнші орнынан тұрып, шалбарын шешіп жіберумен жауап береді. Ал екіншісінде көшеде жалаңаш жас әйел кетіп барады. Кейін Тамила бірінші роликтегі өзі екенін мойындағанмен, екіншісінің өзіне еш қатысы жоқ екенін айтып жауап қайтарды.

Ташкент қазір әншілердің адамгершілік тұрғысындағы бет-бейнесіне қатты мән беріп жатыр. Үкімет өткен жылғы желтоқсанда осыған байланысты арнайы қаулы да қабылдады.
 ras.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста