Әдемі әзіл айту үшін де терең білім керек

Әдемі әзіл айту үшін де терең білім керек

Қазір елімізде көпшілікке күлкі сыйлайтын әрі ащы әзілдерімен бүгінгі заман келбетін ашып көрсетуге талпынып жүрген Көңілді тапқырлар клубы көбейіп келеді. Олардың кейбірі жеңіл-желпі ғана сатираны талғажау етіп келсе, енді біреулері көрерменін қазақы қалжыңға қарық қылып, ел ықыласына бөленіп жүр.
Болашағынан үміт күтуге болатын, бұ­ған дейін бірқатар республикалық, халық­аралық байқауларда жүлдегер атанып жүрген жас КТК командасының бірі – Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің жанынан құралған «Мұңайма» тапқырлар клубы. Бүгін осы әзілкештер клубын көпші­лікке таныстыру мақсатында клубтың бір мүшесі Әбдінұр Сұлтанғалиевпен аз-кем тілдесудің сәті түскен еді.
– Командаларыңыздың құрылға­нына қанша болды және оның алғашқы ұйымдастырушысы, идея авторының есімі кім?
– «Мұңайма» командасын 2009 жылы 18 желтоқсанда Шет тілдер және іскерлік карьера университеті журналистика фа­куль­тетінің жігіттерімен бірге құрдық. Оның ары қарай өсіп-өнуіне университе­тіміздің тарих факультетінің деканы, белгілі ғалым, өнер жанашыры Тимур ағамыз септігін ти­гізді. Басында команданың атын қоятын кез­де әркім әртүрлі ойларын айтып, алуан пікір­лерімен бөлісті, бірақ ешқайсысы көңі­лімізден шықпады. Күндердің күнінде ко­ман­дамыздың бір мүшесі, Ерлан Сынды­баев «Мұңайма» деген атты алып келді. Бәрі­мізге бірден ұнады, бір ауыздан осылай қоямыз деп шештік. Жалпы, біз әзіл­кештер болғандықтан, халыққа мұңайма­ңыздар деп, көңілді күй, күлкі сыйлау үшін осындай атауға тоқтадық. Команда­мыздың капитаны – Нұриман Назымбек деген талантты жігіт. Қалған мүшелері де еліміздің әр өңірінен жиналған. Парасат Иманғалиев, Ұлан Нұрбақытұлы, Ернар Таш­кентбаев, Ерлан Сындыбаев сынды өнерпаздарымыз – Алматы мен Тараздың жігіттері.
– Негізінен, көптеген шағын өнер ұжымдары мен топтары құрамын жиі өзгертіп тұрады. Бұл жағы сіздерде қалай?
 – Құрамның өзгеруіне түрлі жағдайлар себеп болады. Біздің әзіл әлеміне бет бұр­ғанымызға көп бола қойған жоқ. Десек те, осы уақыттың ішінде бірнеше өзгеріс болды. Жақында екі ойыншымыздың бірі отбасын құрып, қолы тимей кетсе, екіншісі әскер қатарына шақырылды. Олардың орнына Әлішер Әбдіқадыров және Сырым Әлібеков деген жас қырандарды тарт­тық.
– «Мұңайма» тобының әзілқойла­ры, негізінен, қандай тақырыпқа әуес? Қан­дай аудиторияға сөздеріңіз өтеді?
– Бізге арнайы редактор алдын ала тақырыптар береді. Соған байланысты әзіл­­дерімізді дайындаймыз. Белгілі бір шиырлап шықпай қоятын тақырыбымыз жоқ. Біздің аудитория, көбінесе, жастар қауымы. Арасында өнерімізді тамашалауға әр жақтан ағаларамыз, апаларымыз, ұстаз­дарымыз келіп тұрады.
– Өзге елдерде болатын жарыстарға жиі қатысасыздар ма және ол елдерде қай тілде өнер көрсетесіздер?
– Көбінесе біз көршілес Қырғызстанда өнер көрсетеміз. Құдай қаласа, жақында тағы да барамыз. Бішкек қаласында «ТАМАШОУ» деген лига бар. Онда қырғыздар ойнайды. Ол жаққа «Мұңайма» деп бармаймыз. Бізді «Қазақстан Түркітілдес» лига­сының президенті Әзілхан Ахмет аға­мыз апарады. Ол кісі жаңадан «Номадс» деген құрама команда құрған, соның атынан шығамыз. Жаңа топта әр тараптан үздік балаларды жинайды. Ал тілге келетін бол­сақ, әрине, әзілдерімізді өз ана тілімізде айтамыз.
Әлі де жас команда болған соң ізденіс үстіндеміз. Жалпы, өнердің өзі өмір бойғы ізденістен тұрады емес пе? Әдемі әзіл айту үшін де терең білім керек. Өзге де мықты командалардың ойынын бақы­лап оты­рамыз. Осы бетімізден таймай, үлкен дода­ларға шықсақ деген үмітіміз де жоқ емес.
– Әңгімеңізге рақмет, шығармашы­лық табыстар тілейміз.

Нәзік Тұртайқызы, Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің студенті

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста