«Адамдық ғұмыр біткен күн Ақындық ғұмыр бітпесін!»

«Адамдық ғұмыр біткен күн Ақындық ғұмыр бітпесін!»

Әулет диалогі

Атам айтты: «Ұлым ел қорғаса», – деп,
Әкем айтты: «Сұм соғыс болмаса», –  деп,
Мен айттым: «Коммунизм орнаса», –  деп,
Ұлым айтты: «Бәрі де – далбаса», – деп.

Атам: «Аттан, кедейін» айта күліп,
Әкем жатты: «Фашистер тойтарылып...»
Мен даурықтым:
«Жатырмыз «Қайта құрып»,
Ұлым күлді: «Кетпейік қайта құрып».

Атам айтты: «Кеңеске бағалыңмын!»
Әкем күлді: «Пірімін заманымның!»
Мен де шыңға шығуға шама қылдым,
Ұлым күлді: «Бүрі жоқ табаныңның».

Атам пісті сабасын: «Төгілді!» – деп,
Әкем күлді: «Спиртпен көңілдірек!»
Мен сырамды сімірдім, ұлым айтты:
«Нашақорлар жайлады өмірді», – деп.

Ақтады атам бидайды қауызындағы,
Ойланды әкем:
«Сол қулар сау жүр ме әлі?»
Мен газетке үңілдім, «тіфу», – деді
Ұлым «Қазақстанын» аузындағы...

Табылдың әні

Бұл дүние айналғанмен сырласыңа,
Мен кепіл мәңгі бақи тұрмасына.
Бір күні Құдайыңнан хабар келсе,
Шығарсың сен де құрбым «қыр басына»...

Қайғырып досың түгіл, бақталасың,
Кеудеңде сағат-ғұмыр тоқтағасын,
Қалдырып мынау жалған дүниені,
Келмеске мәңгі бақи аттанасың....

Сол жаққа аттанасың бәрі барған,
Қалады көкірегіңде алып арман.
Қалады аузыңда сары тісің,
Қалады гаражыңда сары «Волгаң».

Біреуде ақшаң қалар қарыз алған,
Мұрныңды, шақшаң қалар, зәрі жарған.
Он бөлме үйің қалар, қиын болар,
Өйткені бәрі жалған, бәрі жалған...

Бұл қазақ мол байлықты текке іздейді,
Ақшаңды миллионға жеткіз мейлі.
Сенімен бұл Құдайым о дүниеге,
Сом түгіл, соқыр тиын өткізбейді.

Сұм ажал, қайыршы емес тиын сұрар,
Бір күні қу жаныңда бұйымшылар.
Қорқыттар құтылмаған бұл өлімнен,
Табылдың құтылуы қиын шығар...

Біз түгіл, құтылмаған алып Абай,
Білмедім о дүниенің қалы қалай?
Бір кездегі Табылдың әні екен деп,
Соңымнан зарлап жүрсін қалың адай...

Жігіттер, артық айтсам, кінә тақпа,
Батайық күліп, ойнап рақатқа.
Өмірден кәрі де өтер, бәрі де өтер,
Берілген өмір бізге «прокатқа»...

Сөз соңы

Үтірмен Сені бітірдім,
Бітірмей, жырым, нүктемен.
Бергі жағында үтірдің,
Өлең-өмір тұр бітпеген.

Шабыстан шабыт, талмасаң,
Көбейер жырдың қатары.
Мәндірек болар әрқашан,
Мәңгілік сана сапары.

Тылсым жыр атты орманда
Ойлы өлеңдерге шеп құрып.
Асқақ Алатау арманға
Алқынбай жету – тектілік!

– Осылай деуді құп көрдім,
Оқырман, сен қой нүктесін.
Адамдық ғұмыр біткен күн
Ақындық ғұмыр бітпесін!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста