«Адамдық борышың...»

«Адамдық борышың...»

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Астана қалалық Білім басқармасы мен «Ынсап» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен
ҚР Президенттік мәдениет орталығында 2009 жылдың
18 қарашасында оқушылар арасында өтетін «АДАМДЫҚ БОРЫШЫҢ...» атты Шәкәрім мұраларын жатқа айтушылар байқауын жариялайды.

Адамзат дүниетанымына өзіндік ізін қалдырған, қазақ халқының ғасырлардан бері жалғасып келе жатқан руханиятының көшбасшысы, дана, кемеңгер атамыз ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ мұраларын насихаттау бағытында өтетін бұл байқаудың мақсаты – өскелең ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру мен бабалар мұрасына деген жастардың құрметін арттыру.

Шәкәрім мұраларын жалпы адамзатқа ортақ қазына деп бағалай отырып, бұл асыл мұраны ең алдымен оқушылардың жаттап, меңгеруі «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы мен «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген ұлттық құндылықтарды насихаттауға, ұлт тұтастығын нығайту міндеттерін жүзеге асыруға зор үлес қосады деп сенеміз.

Байқауға 8-11 сынып оқушылары қатыса алады.

Қатысушыларға қойылатын байқау шарттары:

I кезең: «Талап» атты іріктеу кезеңі. Шәкәрімнің өлеңдерін кез келген жерінен жалғастырып әкетуі керек.
II кезең: «Білім» сұрақ-жауап кезеңі. Шәкәрімнің өміріне және шығармашылығына арналған сұрақтарға жауап беруі керек.
III кезең: «Таза ақыл» кезеңі. Шәкәрімнің кез келген өлеңін мәнерлеп оқып, содан кейін сол өлеңіне талдау жасайды. Яғни өлеңнің мәнін, мағынасын түсіндіреді.

БАЙҚАУҒА ІРІКТЕЛГЕН ӨЛЕҢДЕР ТІЗІМІ:
1. Адамдық борышың
2. Айна қойдым алдыма
3. Ақылдан ойға сыр тарап
4. Анық асық-әулие
5. Атадан қалған ақ сауыт
6. Аурусыз жанға айла жоқ
7. Біреудің мінін кешірсең
8. Бостандық таңы атты
9. Жапанда жалғыз жаттым...
10. Ғылымсыз адам – айуан
11. Мал да аяулы...
12. Мен – бір тілсіз көлікпін
13. Мен кетемін, келеді...
14. Шаранамен туып едің...
15. Шыннан өзге Құдай жоқ
16. Ажал, маған арақ берсең...
17. Анадан алғаш туғанымда
18. Ақыл құсы адаспай аспандаса
19. Бас көзімен қарасаң, нәпсі – жалған
20. Баяғыда жас бала едің сен
21. Бұл кездегі діндердің бәрі нашар
22. Жер жүзіне қарасам
23. Жолама, қулар маңайға
24. Күн аязда терезеге
25. Қырықтан соң иманым
26. Өлімнің хақ екенін көрсең де
27. Сорлы бұлбұл жазға асық боп
28. Шын асықтың әрбірі
29. Шын жаным...
30. Шын ақыл...

Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталады:
Бас жүлде – біреу
1-орын – біреу
2-орын – екеу
3-орын – үше
Сондай-ақ байқауға қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары мен мақтау қағаздары беріледі.
Өтінішті ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына немесе мына мекенжайға 3 қарашаға дейін жолдауларыңызды өтінеміз:

Мекенжайы: 050010 Астана қ. Юго-восток ы/а, Бұқтырма көшесі, 7-үй.

Анықтама телефондары:
8 (717) 229-89-66 «Ынсап» қоғамдық қоры
8 (777) 653 20 83
8 (701) 908 35 56 (Ибраев Жасын).
Е-mail: shakarim150@rambler.ru, zhasyn83@mail.ru

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста