Абайдың әжесі Зереге ескерткіш орнатылды

Абайдың әжесі Зереге ескерткіш орнатылды

 Шығыстың шұрайлы мекені Жарма ауданы, Қалбатау ауылында дүбірлі той болып өтті. Һәкім Абайдың әжесі, қажы Құнанбайдың анасы Зере (Тоқбала) Бектемірқызына Жарма жұртшылығы жұмылып ескерткіш орнатты. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, «Ұлы даланың ұлы аналары» атты іс-шара аясында жазиралы Жарма жерінде жемісін тапқан бұл шараның ұйытқысы болған Жарма ауданының әкімі Сыдықов Нұрлан Бәттәшұлы.

Бұл тойға «Құнанбай» фильміндегі Зере әженің рөлін ойнаған Жарма ауданының тумасы Нұрсипат Салықова мен «Құнанбай» фильмінің режиссері және Құнанбай рөлінде ойнаған Досхан Қалиұлы Жолжақсынов та қатысты. Аудан әкімі әртістерге көркемөнер саласындағы үлкен еңбектері үшін шынайы ықыласын білдірді. Досхан Қалиұлы Жолжақсынов,- Әлемнің сусар бұлағы, қозғаушы күші, ай мен күні аналарды жырламаған дәуір жоқ болар. «Жұмақ – аналардың табанында» деген сөз де бекер емес. Мына атқарылып жатқан ізгі істеріңіз қайырлы, құтты болғай» деген лебізін білдірді.

Мүсінді мінсіз бейнелеген суретшілер: әкелі-балалы Ертіс Исайынұлы Тәтиев пен оның ұлы Еркебұлан Ертісұлы. Олардың айтуынша, – Зере әженің тізесіне немересін отырғызу идеясы – нағыз әже бейнесін айшықтап тұр,- Зере әже бейнесін Абай жолы эпопеясын көп оқығанымыздан болар қиналмай іске кірістік. Өткен қараша айында қолға алған жұмыс еді, енді міне, халыққа ұнап жатыр, жемісін көріп, қуанып жатырмыз,-дейді.

zheruiyq.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста