Таяуда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Әуезов қаламынан туған осы романның қытай тіліндегі нұсқасының тұсаукесер таныстырылымы болып өтті.
Аталған әдеби-көркем тәржіме қытайлық аудармашылар Ха-Бай мен Гао Сун-Фань тарапынан орындалып, әдемі безендірілген қалың мұқабалы кітап түрінде Бейжіңде жарық көрген. Осы игі істің басы-қасында жүріп, кітаптың шығуына септігін тигізген елімізге белгілі қайраткер азамат, Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Жәнібек Кәрібжанов екендігін атап өткен жөн.
Жалпы, ұлттың ұстазы атанған ұлы Абайдың шығармалары қазақ топырағында ғана емес, алыс-жақын шетелдерге де бұрыннан жақсы таныс. Бізге заманның заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов арқылы жеткен Абай әлемі әлі де танып-білуді, зерттеп-зерделеуді қажет етеді. Бүгінде дүниежүзінің бірнеше тіліне аударылған атақты «Абай жолы» роман-эпопеясы әлемдік деңгейдегі ең озық шығармалардың қатарында тұр.
Жаңа кітаптың тұсаукесері барысында тарих ғылымының докторы, профессор, қытайтанушы Нәбижан Мұхаметхан аударманың тарихы, Қытайдағы әдеби аударма ісінің дамуы жайлы құнды мәліметтерден хабардар етіп, «Абай жолының» қытай тіліндегі осы тәржіме- еңбектің ерекшелігіне тоқталды. Басқосуға қатысқан белгілі ғалымдар мен студенттер өзара пікір алмасып, жалпы, көркем әдебиеттің тұлғаны қалыптастырудағы маңыздылығы туралы ойларын ортаға салды.
«Абай жолы» – қытай тілінде
Последние статьи автора