«Абай жолы» аудиокітапқа айналды

«Абай жолы» аудиокітапқа айналды

Кеше Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы және журналист Қасым Аманжолұлының «Анық Абай» деректі фильмі топтастырылған аудиокітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Қытайдағы қандастарымыз бұл аудиокітапты Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына тарту ретінде шығарыпты.
Екі бөлімнен тұратын аудиокітап журналист Қасым Аманжолұлының кезінде «Қа­зақстан» телеарнасынан көрсетіліп, көрер­меннің ыстық ықыласына бөленген «Анық Абай» фильмімен басталады. 14 се­рия­лы бұл деректі фильмде ұлы Абайдың өсіп-өнген ортасы, өмірінің көпшілікке бей­мәлім қалтарыс-бұлтарыстары шынайы бей­неленген. Аудиокітаптың 2-бөлімі Мұх­тар Әуезовтің атақты «Абай жолы» эпо­пея­сының кейінгі жылдарда қайта басы­лып шыққан толық нұсқасы бойынша да­йын­далған. 80 сағаттан тұратын аудио­кітапты дайындауға көрші елде тұрып жатқан Жан­әбіл Сымағұлұлы, Мұратбек Тесе­байұлы, Манен Зейнелұлы, Серік Әбіл­ұлы, Жеңісқан Нүсіпұлы, Қайрат Нәби­ұлы тәрізді бірқатар қандастарымыз атса­лысқан.
Тұсаукесер рәсіміне қатысқан қоғам қайраткері, мәдениеттанушы Мұрат Әуе­зовтен бастап, Қазақстан авторлары қоға­мының төрағасы, жазушы Марал Сқақ­бай, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факульте­тінің профессоры, ақын Өтеген Күмісбаев, «Тамыр» журналының бас редакторы, ақын, аудармашы Әуесхан Қодар сияқты басқа да еліміздің зиялы қауым өкілдері бірауыздан бұл шараны қазақ тарихындағы ерекше маңызы бар оқиға ретінде бағалады. Мұның себебін түсіндіре келе, Мұрат Әуезов: «Дүниежүзінде шашылып жүрген қазақ көп. Олардың да бізге өкпесі бар шығар. Бірақ менің де сол Еуропа, Азия мемлекеттерінде, Түркияда, Қытай мен Моңғолияда т.б. елдерде тұрып жатқан қа­зақ­тардың мәдени процесімізге жан­ашырлық білдіретіндей іс-қимылдар жаса­мағанына ренжіп жүрген едім. Осы жағы­нан алғанда, Шыңжаңда тұрып жатқан азаматтардың «Абай жолын» өте сапалы түрде дайындап шығаруы – ұлттық сана ықпалымен жасалған өте игілікті шара. Бұл – Жер шарының түкпір-түкпіріне шашы­раған қазақтың бірігу, ынтымақтасу жолында өз ұлтының ең құнды дүниелеріне сүйеніп, соны саналы түрде үлкен күшке айналдырып отырғандығының белгісі», – деп түсіндірді.
Шыңжаң халық радиосында дыбысталып, Пекиндегі дыбыс-кескін баспасында басылып шыққан аудиокітаптың таралымы – 3000 дана. Әрине, «Абай жолындай» бағалы дүние үшін бұл – өте аз. Алайда оны құрастырушылардың бірі Қайрат Нәбиұлы Қазақстан тарапынан сұраныс болған жағдайда аудиокітапты көбейтіп шығаруға ынта-ықыластары зор екендігін жеткізді. Ал тарту ретінде алып келген жиырма шақты аудиокітапты еліміздің Ұлттық кітапханасына сыйлады.
Мұрат ӘУЕЗОВ, қоғам қайраткері, мәдениеттанушы:
– Аудиокітаптың Қасым Аманжол­ұлының «Анық Абай» фильмімен басталу себебі, онда ұлы ақынның туған жері, өскен ортасы, өмірі туралы маз­мұнды, мағыналы деректер қамтылған. Сондықтан да Қытайдағы қандаста­рымыз тарапынан оған үлкен қызы­ғушылық туып отыр. Жалпы, аудиокітап өте сәтті шыққан.
Қайрат НӘБИҰЛЫ, журналист, бизнесмен:
– Аудиокітапты осы бағытта атқа­рылар шаралардың басы деуге болады. Атамекендегі зиялы топ, ынталы қауым­мен ойласа, ақылдаса отырып, біз бұл жұмысты алдағы уақытта да жалғас­тыр­мақ ойдамыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста