Абай және тоғызқұмалақ

Биыл Абайдың туғанына – 165 жыл, ақын мұражайының құрылғанына 70 жыл толады. Осыған орай Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайында «Абай және тоғызқұмалақ, дойбы ойындары» атты кеш өтті. Кешті ашқан мұражай директоры Жандос Әубәкір аталар аманаты ретінде ұлттық мұраның біріне айналған тоғызқұмалақ ойынын дәріптеуде, Абай әлемінің бір қырын аша түсуде бұл кештің маңыздылығын атап өтті. Кешке қатысқан шежіреші М.Жанболатұлы, Б.Исабайұлы, әдебиет зерттеушісі Т.Ибрагимов осы төңіректе өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Тоғызқұмалақ – қазақтың ұлттық ойыны. М.Әуезов бастаған Абай өмірін зерттеушілер ақынның тоғызқұмалақты аса құмарта, шебер ойнағанын жазады.

Абай тек ақындық өнерге баулушы ғана емес, жалпы, бойында өнері бар жастарды қасына үйірді. Ақынмен бірге әнші Әлмағамбет, Мұқа, Әмір, Мұхамеджан, күйші Біткенбай, ертегіші Баймағамбет, Көрпебай, Құду сияқты тоғызқұмалақшы, дойбышылар жиналғаны белгілі. Абай өнердің қай түрін де жүрегімен құлай сүйіп, соған икемі бар жастарды үйретуге қолғабыс еткен.

Ақын үшін тоғызқұмалақ шығармашылық шабыттан сәл тыныс алудың, көңіл бөлудің бір түрі сияқты болды. Ол тоғызқұмалақты кім болса сонымен ойнамай, шебер ойыншыларды ғана таңдаған. Сол шеберлер ойынын жалпы жұрт қызықтайтын жүйелі жарысқа айналдыра білген.

Кештің екінші бөлімі тоғызқұмалақ, дойбы ойындарының шағын турнирімен жалғасты.

«Бүгінгі жастар алтын уақыттарын Абай заманынан дамып келе жатқан ойынға арнаса, тоғызқұмалақ шынайы ұлттық өнерге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берері хақ. Бұл игі істің мақсаты да осы болды», – дейді мұражай басшысы Жандос Мағазбекұлы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста