«Абай оқулары» айрықша өтті

Абай елінде республикалық «Абай оқулары» байқауы өтті. Биыл оныншы рет өткен Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған екі күнге созылған байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен арнайы келген 23 команда, 61 оқушы қатысты.

Бір облыстан – бес команда
Мерекелік жиынға қатысқан өрендердің барлығы да – өз облысында өткен сайыста жүзден жүйрік оза шыққандар. Бір ғана Алматы облысынан бес бірдей команданың қатысуы жыл өткен сайын бұл байқауға қатысушылар санының арта түскенінің дәлелі бола алады. Атап айтар болсақ, Алматы облысының командасы, Алматы қаласы мектептерінің құрама командасы, К.Байсейітова атындағы республикалық музыка мектеп-интернаты, О.Жәутіков атындағы республикалық физика-математика мектебі, Республикалық қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектеп-интернат командасы аламанға арнайы бақ сынауға келіпті.

Халықаралық байқауға бет алды
Биылғы байқаудың өзіндік ерекшеліктерінің бірі – оның аумағының кеңейгендігінде болып отыр. Айталық, байқауға Ресей Федерациясының Алтай өлкесі (Омбы облысы) Қосағаш ауданынан да бір команданың қатысуы Абай мен Шәкәрім шығармаларын оқытуға көрші мемлекетте де көңіл бөлініп отырғанының айғағы болса керек. Осы арқылы байқау халықаралық деңгейде өтті деуге негіз бар. Алдағы уақытта Абай оқуларына қандастарымыз тұратын басқа да мемлекеттен түрлі командалар қатысып жатса, құба-құп болар еді. Тиісінше, жүйріктер сыналатын, шыңдалатын алаң аясы кеңи түскен болар еді.

Сардарлар Шыңғыстаудан нәр алады
Биылғы байқаудың тағы бір ерекшелігі оған әскери мектептердің өз үлестерін қосуы болды. Айтар болсақ, Қарағанды қаласындағы Т.Бигелдинов атындағы республикалық әскери мектеп-интернаты мен Шымкенттің Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы республикалық әскери-мектеп интернатында оқитын болашақ сардарлар да осы байқауда бақ сынады.

Сабильянов сый жасады, Баттал бағасын берді
Осы байқауды саралаған депутат Нұртай Сабильянов мұндай игі шараның ұлтжанды азамат тәрбиелеуде маңызы зор екеніне тоқталып, осы шараға демеушілік жасауда қазақ азаматтарының атсалысуының қажеттігін айтып өтті. Сондайда Нұртай Салихұлы Білім және ғылым министрлігі орта білім департаментінің бас сарапшысы Роза Батталға семейліктердің атынан шетелде демалу үшін отбасылық жолдама тарту етті. Ел ағасы, сонымен қатар, осы байқауға он жыл бойы еңбек сіңіріп келе жатқан азаматтарға да арнайы сый-сияпат жасады. Мұндай сыйлыққа ие болғандар қатарында Хафиз Матаев, филология ғылымының кандидаты Қинаят Шаяхметұлы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналының бас редакторы Зернебек Шілдебай, «Қазақстан мектебі» журналының бас редакторы, «Тарлан» сыйлығының иегері Сайраш Әбішқызы және т.б. азаматтар бар.

Ал Білім және ғылым министрлігі Орта білім департаментінің бас сарапшысы Роза Баттал болса, қазылар алқасының тұрақты төрағасы, Республикалық «Абай» қорының директоры, «Құрмет» орденінің иегері Хафиз Матаевқа Білім және ғылым министрлігінің алғысын жеткізе отырып, даланың дана ұстазы Ыбырай Алтынсарин атындағы медальді табыс етті.

Оныншы байқаудың тоғыз тұлпары
Осылайша екі күнге созылған сайыс өз мәресіне жетті. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» аталымы бойынша Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев тағайындаған бас жүлдеге Абай ауданы Биата ауылындағы Шәкәрім атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы Айдана Сейітқазина лайық деп танылды. Ол 420 өлеңді жатқа білетін болып шықты. Ал І орынды Қарағанды қаласындағы №10 орта мектептің оқушысы Еңлік Жәнібекова жеңіп алды.
ІІ орынға – Алматы облысынан келген Думан Жақсылық, атыраулық Мөлдір Байырханова ие болса, ІІІ орын – алматылық Дана Молдақұлова, зайсандық Әйгерім Балғабаева, Ақмола облысының Көкшетау қаласындағы №3 орта мектептің 7 сынып оқушысы Ардақ Қасымхандарға бұйырды. Осы орайда Ардақ Қасымханның 300 өлең және «Масғұт», «Ескендір» поэмаларын жатқа білетіндігін де айтып өту орынды.

«Көңілім әнді ұғады» аталымы бойынша І орынды Қызылорда қаласындағы тоғызыншы мектеп-гимназияның 8 сынып оқушысы Ақбота Садық;

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» аталымында І орынды Семей қаласындағы №39 орта мектептің 11 сынып оқушысы, жас ақын Рүстем Мұхаметрахимов иеленді.

Нұртай САБИЛЬЯНОВ, Мәжіліс депутаты:
– Республикамыздың басқа өңірлерінен келген балалар Абайдың кім екенін ертең өз еліне паш етеді. Олар Абай жерінен рухтанып қайтады. Біз өмірде «туған жер маған не береді» деп емес, «мен туған жеріме не беремін» деп келуіміз керек.

Роза БАТТАЛ, Білім және ғылым министрлігі орта білім департаментінің бас сарапшысы:
– Абай шығармашылығы – әдебиеттің, мәдениеттің ауқымынан анағұрлым асып кететін ғажайып құбылыс. Бұл – Абайдың қазақ үшін әдебиет, мәдениет, руханият ауқымдарына сыймайтын қымбат қасиетін тамаша танытатын жайдың бірі. Жас ұрпақ оның терең философиясын, қуаты күшті нұрлы сөздерін, жауһар жырларын жүректеріне сіңіріп өсуге тиіс.

Бір анық:
Он жыл ішінде республикалық «Абай оқулары» байқауына қатысқандар саны –600.
Осы аралықтағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер саны – 200.

Өрге шапқан рекорд!
VIII республикалық байқауда алғаш рет Семей қаласындағы №32 орта мектептің 11 сынып оқушысы Айсұлу Омарова 420 өлеңді мүдірмей жатқа оқыды. Бүгінге дейін осы рекордты ешкім жаңарта қойған жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста