Өткен демалыста 50 жасын дүркіретіп тойлаған отандық танымал әнші Бақыт Шадаева өз талғамындағы ер адамның қандай болу керек екенін айтты. Өнер иесі бұған дейін жеке өмірінде біраз сәтсіздікке ұшырағандықтан болашақта жақсы азаматты кезіктіруді армандайды деп жазады KAZ.NUR.KZ "ShowsNewsKZ" бағдарламасына сілтеме жасап.
Бүгінде қос қызының қамын ойлап жүрген Бақыт Шадаева өз өмірі жайлы ойлауға еш уақыты жоқ екенін айтады. Әнші тіпті әзірге қарым-қатынас бастауға да дайын еместігін жасырмады.
Алайда, махаббат шекарасында талай сәтсіздікке тап болған ол күндердің күнінде жақсы ер азаматқа жолығуды арман етеді.
"Жалғыздық құдайға ғана жарасады. Шындығын айтайын, басым біраз ұрылды. Қызғаныш пен түсініспеушілікке тап бола бердім. Сол әлі күнге дейін көкейімде тұр. Сол өтсе, мен міндетті түрде түсінетін әрі жақсы ер азамт болып жатса, әрине, жаның барда үмітін үзілмейді.
Балаларым менің бақытымды қалап тұр. Бірақ, мен қалап тұр екен деп үйге кім болса соны алып келе салмаймын ғой. Ұрындым, сондықтан енді әрбір істі ойланып жасау керек. Әрине, мен жақсы бір ер азаматты армандаймын. Мен әйелмін ғой" , - деді Бақыт Шадаева.