"Орда" тобының әншісі Дастан Оразбеков 40 жаста! Өнер иесі меншікті мерекесіне орай әріптестері мен жақындарының басын қосып, ерекше кеш өткізді. Әнші өз туған күнінде марқұм әкесіне арнаған клипінің тұсауын кесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
5 ақпан күні 40 жасқа толған Дастан туған күнін Нұр-Сұлтандағы караокелердің бірінде өткізді. Оның қуанышына "Орда" тобындағы әріптестері мен Ұлықпан Жолдасов, Досымжан Таңатаров, Тұрсынбек Қабатов, Зарина Омарова сынды елімізге белгілі өнер иелері ортақтасты.
Бұл жай ғана туған күн емес, нағыз шығармашылық кеш болды. Оразбеков бұл күні жаңа әндері мен жеке альбомының тұсауын кесті. Сондай-ақ, марқұм әкесіне арнаған клипін көпшілікке көрсетті. "Әке" туындысы көрсетіліп жатқан сәтте, әншіге жары Жанат ерекше қолдау білдірді. Туған күн кешіне қатысқан қонақтар дәл осы сәттің әсерлі болғанын атап өтті.