40 литр бояу жұмсалған картина көпшілікті таңқалдырды

Астанадағы төрт қабатты тұрғын үйдің тұтас қабырғасына салынған сурет көпшіліктің таңданысын туғызды. Бұл қырғызстандық әйгілі DOXA арт группасы мен қала әкімдігінің бірлескен жобасы.

DOXA арт группасының таланатты жігіттері Сергей Келлер мен Дмитрий Петровский 16 жылдан бері сурет өнерімен айналысып келеді. Үлкен қалалардағы тұрғын үй қабырғаларын ұлттық нақышта бейнелеу арқылы аты шыққан жігіттер ат басын Астанаға бұрыпты.

Сергей Келлердің айтуынша, бейнелеу өнерінің бір саласы мурализмді граффитимен шатастыруға болмайды.

– Мурализм жанры 1920-1960 жылдары Мексикада пайда болған қозғалыс. Қоғам күрескерлерін кең насихаттауға ұмтылған, өмір шындығын революциялық даму тұрғысынан бейнелеуді мақсат еткен суретшілер жаңа бағытты тудырды. Ал граффитиде қалаған кескініңнен бастап, кез-келген сөзді жазуға болады. Мурализмнің түп негізінде ұлттық, патриоттық рух жатыр, –дейді Сергей Келлер.

Суретшінің сөзінше, тұтас қабырғаны кескіндеуге төрт күндей уақыт кеткен. 40 литр бояу жұмсалған. – Бұл картина Целиноград кезінде почта маркаларына жиі шыққан тарихи сурет. Жоба алдағы уақытта жалғасын табады, – дейді Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Эльвира Жүргенбаева. Оның айтуынша, Астанадағы тағы осындай он тұрғын үйдің сыртын безендіру жоспарланып отыр.

"Егемен Қазақстан"

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста