12 жастағы бала ақын Жамбыл Дүйсеновтің үшінші кітабы жарық көрмек (видео, фото)

7 жасынан өлең жазып, Қазақстанның рекордтар кітабына енген жас ақын Жамбылды білмейтін жандар кемде-кем. Өлеңдерін оқып танысқан жұрттың кейбірі таңғалса, кейбірі тіл-көзден аман болсын деп іштей сүйсінді. Оның есімі 2010 жылдары елімізде дүрілдеп тұрған еді. Арада бірнеше жылдар өтті? Сол Жамбыл ақын қайда қазір? Немен айналысуда? Осы сұрақтарға жауап іздеу мақсатымен біз оның анасы Кәмшат Ибраимовамен сұхбат құрдық.
- Кәмшат, ұлыңыз Жамбыл алғашқы өлеңдерін қай кезден жаза бастады? Оның ерекшелігін қалай байқадыңыздар?

- Баламның тілі бір жасында шықты. Ал екіге толғанда 42 әріптің бәрін танып алды. 100-ге дейін санайтын болды. Ойыншыққа емес, қаламға жақын болатын. Ал 5 жасынан өлең жаза бастады. Алғашқы өлеңі «Ақ әжем» деп аталады.

- Қазір Жамбыл нешінші сыныптқа оқиды? Оқу үлгерімі қалай? Сабақ пен шығармашылықты қатар алып жүру қиын болып жатқан жоқ па?

- Жамбыл негізінен 6-сынып оқуы керек еді. Бір жылда 1-2 сыныпты бір-ақ тауысқандықтан қазір 9-сыныпта оқып жүр. Алматы қаласын­да­ғы Бауыржан Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейде оқиды. Әзірге сабағына да, өлең жазуға да үлгеріп жатыр.

- Қай пәнге қызығушылығы басым?

- Негізі, барлық пәндерді жақсы оқиды. Бәрінен де үздік баға алып жүр. Бірақ ақындық жолға бет бұрғаннан кейін гуманитарлық салаға қызығушылығы басым. Жамбыл негізінен поэзияны оқығанды ұнатады. Мұқағали Мақатаев, Төлеген Айбергенов. Мұхтар Шаханов пен Жамбыл Жабаевтың өлеңдерін сүйіп оқиды.

- 2011 жылы ҚР Пре­зиденттік мәдениет орталығының кон­церт залында «Тәуел­сіз­дігім - Тәңірден келген тәтті сый» деп ата­латын Жамбылдың жыр кеші өткізілгені есімізде. Және осы тақырыппен кітабы да жарық көрді. Жалпы осы уақытқа дейін неше кітабы шыққан?

- «Періште тілек» атты тұңғыш өлеңдер жинағы 2012 жылы жарық көрген. Кейін «Тәуелсіздігім - Тәңірден келген тәтті сый» деген атаумен тағы бір кітабы жарық көрді. Қазір үшінші кітабы дайындалып жатыр. Сонымен бірге, Алла қаласа, желтоқсан айында Астана мен Алматы қаласында шығармашылық кешін өткізуді жоспарлап отырмыз. Жамбылдың алғашқы шығармашылық кеші 7 жасында өткен. Алғашқы жыр кеші халықтың көңілінен шықты. Кейін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының қабылдауында болдық. Содан бері арада бес жыл өтті. Халық іздеп жатыр. «Жамбыл қайда? Неге шықпай жатыр?» деп жиі сұрайды. Сондықтан халықтың алдына шығуды жоспарладық. Ол да, әрине, үлкен дайындықты, үлкен қаражатты қажет етеді. Сондықтан шығармашылығына демеу көрсететін азаматтар болса, қуанар едік. Себебі Жамбылдың бұл кешінің ауқымы бес жыл бұрынғы өткен кешке қарағанда үлкен, бірнеше бөлімдерге бөлінген. Көптеген жаңа өлеңдерінің тұсауы кесіледі.

- Жамбылдың марапаттары туралы айтып өтсеңіз...

- Үш медалі бар. Олар Жамбыл Жабаевтың 165 жылдығына, Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына және Дінмұхамед Қонаевтың 100 жылдық мерейтойына орай берілген. Республикалық, қалалық байқаулардан бірнеше рет бас жүлде алған. «Жыл ақыны» деген атақты бірнеше рет алған. Жалпы осындай жетістіктерге қол жеткізіп жатырмыз. Жамбыл әлі кішкентай ғой, оның жазатын жыры әлі алда деп ойлаймын. Ұлымның өлеңдері халықтың көңілінен шығып, рухани азық беріп жатса, ана үшін одан асқан бақыт жоқ деп ойлаймын.

- Әңгімеңізге рахмет!

Р.S.

«Қазақпын мен, пір тұтамын тілімді,
Қара нар боп көтеремін жүгіңді.
«Қазағым» деп қарс айырылған жүрегі,
Бала Жамбыл мен боламын бүгінгі» деп жырлаған бала ақынның қалам тартысына еріксіз бас иесің. Оның тұңғыш өлеңдер жинағының да ҚР Тұңғыш Президентінің қорында тұсауы кесілуі де тегіннен-тегін болмаса керек. Елбасының өзі: «Мектеп табалдырығын жаңа аттаған қаршадай баланың бұлай жырлауы үмітімізді арттырады, осылай ойлауы бізді қуантады. Біз осындай жастарды тәрбиелеуіміз керек. Ендеше, біздің болашағымыз - жарқын, келешегіміз - кемел», - деп сенім білдірген еді.

Сөз соңында Жамбыл ақынның өлең болып өрілген өмірбаянын назарларыңызға ұсынамыз.


Екі мың үштің сәуірінде ашқан өмір есігін,

Сарқытымын Жамбыл қарттың, Жамбыл менің есімім.

Іште жатып ғашық болдым бабалардың жырына,

Өлең-жырмен әлдиледі туған жерім, бесігім.

...Екі жаста әріп жаттап, ата-анама жағыппын,

Төрт жасымда алыс-жақын, жақсы-жаман таныппын.

Алты жаста аяқтадым бір мен екі сыныпты,

Жеті жаста сан жүлдені иеленген алыппын.

Мектеп барып, сыңғырлатып қоңырауды қаққанмын.

Мектебімнің намысы үшін талай жұмыс атқардым.

Есіміме лайық бір елдің жүгін арқалар

Ұлы болып азаматтық борышымды ақтармын.

Деген сенім жетелейді мені алға ой-санам

Арманым көп алға қойған, асулар көп аңсаған,

Мен халқымның қара нары қазақ үшін туғанмын,

Елім, жерім, тілім үшін өлгенімше шаршаман.

Күресемін адамдық пен ақиқаттың жолында

Мен тұлпардың тұяғымын шаң боратқан соңында.

Қазағымның қазақ болып жер бетінде қалуы

Ұлт тізгінін ұстап жүрген ұлдарымның қолында.

Рас, солай, мен елімнің ертеңіне жауапты

Тәуелсіз ел тарландары болу керек талантты.

Еркіндікті қыраны мен елім үшін туғанмын.

Жырлап өтем тау жырыммен қайсар ұлтым қазақты.
 ҚазАқпарат

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста