Менің жаңашыл сабағым

Менің жаңашыл сабағым

Исаканова Джанна Қайсақызы бастауыш сынып мұғалімі
«Рыков атындағы орта мектебі» КММ
Катонқарағай ауылы
Катонқарағай ауданы
Шығыс Қазақстан облысы

Менің жаңашыл сабағым
Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.
Шаршаса да осы жолдың бойында,

Қандай рақат,шын бақытын тапса адам - деп ақын жырлап өткендей, шынымен де, мен өзімді 30 жылдан астам ұстаздық етіп келе жатқан жолымда бақытымды тапқан адаммын деп есептеймін.
Анығында «ұстаз» деген кім?
Ұстаз – шәкіртін адалдыққа баулушы, өмірлік азық боларлық пайдалы білім мен жанына ізгіліктің нәрін себуші, жақсы мен жаманды үйретіп, адамгершілік қасиеттерді сіңіруші, ең жақын жанашыры, әрі ақылшысы. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі қоғамды ертең алға сүйрейтін озық ойлы адам тәрбиелеуші, өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялаушы. Ал бастауыш сынып мұғалімі дегеніміз адам бойына осы қасиеттердің негізін қалаушы, білім негізіне жол бастаушы. Заман ағысына сай біліммен қаруланған, ой-өрісі жоғары, жан-жақты даму үрдісінде үздіксіз ізденісте жүру- оның басты міндеті деп есептеймін.
Кембридж тәсілінің теориялық негіздері арқылы жалпы білім беретін мектептер педагогтерінің үш айлық біліктілікті арттыру курстары мұғалімдер қауымы үшін үлкен жаңалық, өзгеріс, жаңа бастау десек те болады. Осы өзгеріс, жаңалықты үйренейін деген оймен мен де III (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша біліктілік курсынан өттім.
Бұл курс барысында мен еркін ой айттым, еркін дәлелдедім, мәселенің түйінін тереңінен түсіндім. Шығармашылыққа негізделген шыңдалған ой айту үшін өзіңнің өреңнің биік болуы қажет екенін пайымдадым. Жаңа дүниені жатсынбай қабылдадым.
«Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады», - деген екен дана ойшыл Конфуций.
Алайда қандай істі де жаңадан бастау оңайға соқпайды. Сондықтан маған жаңаша жұмыс істеуге, оқыту әдістерін жаңа арнаға бұруыма тура келді. Бұл бағытта жұмыстар атқарылып та жатыр. Көштен қалмаймыз деп жаңаның бәрін қабылдай беру дұрыс па, бұған дейін қол жеткізген табыстарымыз бен іс-тәжірибемізді әрі қарай қалай ұштастырамыз деген ойлар да мазалағандай.
Десек те, өткен күндердегі іс-тәжірибеге көз жіберсек, кешегі бүгінгіге, бүгінгі ертеңгіге ұқсамайды. Себебі ғылымның дамуы, білім мазмұнының өзгеруі, өмір талабы, оқушы талғамы үнемі өсуде. Сол себептен де ең алдымен, жеке тұлға ретінде өзімнің бойыма өзгерістер енді. Ол- жаңалыққа деген құлшыныс пен қызығушылық, түпкі нәтижеге деген сенімділік, өз ісімнен қанағат табу.
«Жаңа сабағың өткен сабақтың жалғасы ғана емес, ол жаңа ой, жаңа сезім, жаңа қызығушылык және құмарлық тудыратындай сабақтасуы керек»- дегендей, мен де әр сабағымда балалардың қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдерді кеңінен қолданамын. Бүгінгі күнде балалар жаттанды нәрсені қайталамай, өз ойын еркін дәлелдеп айтуға, бір-біріне құрметпен қарап көмектесуге, топ ішінде өзін «жеке тұлға» ретінде санап, көшбасшы болуға, өз беттерінше ізденіп жұмыс істеуге, бір-бірін және өзін-өзі әділ бағалауға төселіп, қазірде бұл қалыпты жағдайға айналғандай.
Дәстүрлі сабақтағыдай мұғалім өзі айтып, оны талдап, өзі бағалап, қорытындыны өзі жасап отырса, оқушыны ойландыруға еш жағдай жасалмайды. Ал қазір осының барлығын оқушы жасайды.
Енді жаңаша өткізілген бір сабағымның жоспарын көрсетейін.
Сабақ 2-сыныпта ана тілі пәнінен өтті.

Мен бұл сабақта оқушыларымның ерекше белсенділіктері мен білуге деген құлшыныстарын байқадым. Өйткені сабақтағы барлық жұмысты олардың өздері іске асырды. Мен тек бағыт беруші ғана болдым. Жеті модульді сабақта үнемі қолдану барысында, бұрын сәтсіздіктен қашып, оқуға талаптанбайтын, ғылымның маңызын төмен санап, білімнің қажетін ескермейтін, құнды ақпараттарды енжар қабылдайтын оқушылар, әсіресе, үлгерімі орташа деңгейдегі оқушылардың сабаққа ынтасы өзгерді.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста