Кембридж университетінің әдістемесін Қазақстанда пайдаланудың тиімділігі

Кембридж университетінің әдістемесін Қазақстанда пайдаланудың тиімділігі

Эссе
 Мейрбаева Лаура Мергалиевна
 ШҚО Күршім ауданы Жолнұсқау негізгі орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

«Ұстамды болсаң ғана ұстаз боласың. Білімді болсаң ғана білгір боласың, қиядағыны көрсең, қиыннан шығасың» . Бұл менің өмірлік еңбек жолымдағы ұстанған қағидам. Иә, уақыт зырлап, жылдар жылжып барады. Жыл легімен келген жаңалық атаулы адамды тек алға басуға, ізденуге, еңбектенуге итермелейді, шыңдайды.
Ұстаз құралы оқулық пен бордың орнын түп орнымен ештеме айырбастай алмаса да, мектеп өміріне ғасыр хабаршысы болып ақпаратты технология келіп жетті. Келіп жетіп ұстаз еңбегін біраз жеңілдеткен сияқты болды. Болды да, әр ұстазды компьютер қобдишасымен мәңгілік дос етсе, интерактивті тақтаны серік етті.
Кішкентай сәби шағынан теледидар, телефон, компьютер қыр- сырын көріп өскен жеткіншек ұстазының уақыт көшінен кеш қалуын ешқашан кешірмейді. Ендеше, әріптес, ойланайық!
Уақыт талабымен мен де жуықта Деңгейлік бағдарлама бойынша негізгі ІІІ деңгейін тәмамдап келдім. Алған жаңалығым жан сергітерлік.
Курс тиімділігі туралы айтар болсам, жемісі – ауыз толтырарлықтай. Қандай дейсіз ғой! Ата-ананың бары мен базарлығын бауырына басқан бала өзімшілдікке бүйрегі бұрып тұрады. Міне осы арада сабақтағы топтық жұмыс өзімшілдіктен – бауырмалдыққа, жалғыздықтан – көпшілдікке, дарадан – ортақ іске жетелеп, бір ойдан көп ой туатынын дәлелдейді. Сонымен қатар қарым-қатынас құралы тіл дамиды, сөз өрбиді, ой қорытындылайды. Сұраққа жауап іздей отырып, ізденеді, қиялын ұштайды, Басқа топты бақылайды, тыңдайды, салыстырады, бағалайды.
Бағалау – өте құнды әрекет. Сондықтан аса жауаптылықпен әрекет етеді және топта «лидер, көсем» болуға ұмтылады. «Төбесіз жер, төресіз ел болмайды» - деген қағиданы жүзеге асырып, топ басшысын әрекет арқылы өздері сайлайды. Нәтижесінде сабақ тек оқушы еңбегі арқылы өтеді. Жаңалыққа жаны құмар жас жеткіншектер топтық жұмыс істеуде, Блум таксономиясын пайдалануда, деңгейлік тапсырмаларды орындауда өте белсенділік танытуда. Баланың өз бетімен ізденуі, топтағы өзгеге көмегі, ой жинақтауы, сөйлеу мәнері, қабілетінің артуы, сөздік қорының молаюы – міне, қазіргі заман талабы.
«Болашағын ойлаған бала тәрбиелейді» дегендей бала тәрбиесіне аса зор мән беріп, оқушыны да, оқытушыны да оздыра оқытып, білуге жұмылдырып, курстың алғашқы күндерінен бастап жаңа әдіс-тәсілмен ұстаздар қауымын жарақтандыруға бар қажыр–қайраттарымен, күш-жігерін, білімін арнап отырған әдіскерлерге, мемлектімізге риза болмасқа амал жоқ. Осындай жарқын заманның жетістіктерімен нәрленген, бойдағы күш –қуат, біліктілік пен білім дені сау қазақ баласының кәдесіне жараған ұстаз деген атыма кір келе қоймас!
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста