Cанды, әріпті өрнектер. Қайталау. (Кембридждік оқыту әдісімен)

Cанды, әріпті өрнектер. Қайталау. (Кембридждік оқыту әдісімен)

Отарбаева Роза Чамойқызы,
«№9 орта мектебі» КММ-нің мұғалімі.
Шығыс Қазақстан облысы, Зырян қаласы.

Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді.
Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал білім беру әдістемелері арасында сындарлы теориялық оқытуға негізделген Кембридж университетінің оқу бағдарламасын оқып үйреніп, өз тәжірибемде қолданудамын. Егерде бұрынырақта педагогикада негізгі күш оқудың мазмұнын құрастыруға жұмсалған болса, бүгінгі күні басты назар оқыту, оқу және бағалау арқылы шәкірттердің оқу нәтижелерін анықтауға бағытталған. Нәтижеге бағытталу оқу процесінде шәкіртті бірінші орынға шығаруды талап етеді. Ал бұл ұстаным әрбір ұстазға шәкірттерді белсендіретін оқу, оқыту әдістемелерін қолдануды міндеттейді, өйткені бүгінгі күні оқу процесінде үйрену мен үйрету әрекеттері қоян – қолтық қарым – қатынастан тұруы керек. Үйрену мен үйрету тек өзара белсенді әрекеттерге негізделген қарым – қатынас арқылы жүзеге асырылады және тек әрекеттесу арқылы ғана үйренуге үйретуге болады. Осы себептерге байланысты оқу процесінің негізін интербелсенді әдістемелер құрауы керек. Біз алдымызда отырған шәкірттерімізді сыни тұрғыдан ойлауға үйретуіміз керек. Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағыталған. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс – әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді еңгізуде дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.
Мектептегі оқытудың нәтижелері, әрбір оқушының оқудағы күтілетін нәтижеге қол жеткізудегі табыстары, оның оқуға қатысы мен тұлғаның тұтас даму динамикасы жан – жақты және әділ бағалауды талап етеді. Білім беруді, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту, мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативті немесе оқыту үшін бағалау болып табылады. Өз тәжірибемде формативті бағалаудың тиімді екенін байқадым. Оқушылардың өзін – өзі, бірін – бірі, топта бағалау арқылы, кері байланысқа түсіп, қызығушылығы мен белсенділігі артты.
Жалпы бұл бағдарламадағы әдіс - тәсілдерді біз бұрыннан қолданамыз. Бірақ тәжірибе барысында мен сабақтарымда төмендегідей өзгерістерді аңғардым:
Мұғалімнің іс-әрекеті емес, оқушының іс-әрекеті бірінші орында тұрып, сол арқылы соңғы нәтижелерге жеттік, яғни бала білімді өз іс-әрекеті арқылы меңгерді.
Оқушылардың шығармашылықпен іздену қабілеттері, зерттеу жұмыстарын жүргізуі тәжірибелері қалыптаса бастады.
Оқытудың жаңа тәсілдерін қолдану арқылы мен оқушыларымның оқуға қызығушылығы мен белседілігінің арттырдым. Оқушылар өзін – өзі бағалауға, сыни ойлауға, шығармашылыққа, топпен жұмыс істеуге үйренді.

Мұғалімнің жазбалары:
Сабақтың түрі: Ойын сабағы.
Сабақтың типі: Қайталау.

Әдістері: Сұрақ - жауап, жартылай – іздену.көрнекілік, талдау, ойын, СТО стратегиялары.
1. Ұйымдастыру. Шаттық шеңбері.
-Қайырлы күн, балалар!
-Қазір бізде қай сабақ? - Математика.
- Өлең оқу.
-Қазір түстерді таңдау арқылы топтарға бөлініп отыра қалайық. Сәттілік тілеу.
2. Сабақ мақсатымен таныстыру.
-Біз мектепке не үшін келеміз?
-Білім не үшін қажет?
-Білімді болу үшін не істеуіміз керек?
- Бүгінгі сабақта «Білім еліне» саяхатқа барамыз. « Білім елі» өте алыста орналасқан, біз оған жетіп білім кілтіне ие болу үшін, көптегн аялдамаларға тоқталып берілген тапсырмаларды орындауымыз керек.Бүгінгі сабақта санды, әріпті өрнектерді қайталауға есептер шығарамыз. Жұпта, топта бірлесе жұмыс істей отырып бір – бірімізге үйретеміз, бірімізден – біріміз үйренеміз, яғни ұйымшылдықпен бірлесе жұмыс істейміз.
3. «Бұрыштар құпиясы» Әр топтан бір оқушы шығып, өз тобындағы оқушыларға сұрақтар қояды.
-Санды немен белгілейміз?
-1 дм.неше сантиметр бар?
-Теңдік, теңсіздік дегеніміз не?
-Қандай өрнектерді білесің?
8- дің құрамын ата.
4. Кемеге отыру. Логикалық есептер шешу.
- Есептің құрамды бөліктерін ата.
-Кубик жасау үшін неше шаршы қажет?(6)
-Аулада қаздар жүрді.Дана 6 аяқ санады.Аулада қанша қаз бар? (3 қаз)
-Ағашта бірнеше құс отыр.Оларда 8 қанат болды.Ағашта неше құс отыр? (4 құс)
-Алма ағашта 10 алма, ал теректе 3алма артық өсіп тұр. Барлығы неше алма? (10 алма)
- Менін атым Айгүл. Менің ағамның бір ғана қарындасы бар. Ағамның қарындасының аты кім? (Айгүл)
-Үстел бетінде төрт бұрыш бар. Бір бұрышын кесіп тастады неше бұрыш бар? (5 бұрыш)
1. «Ойшылдар». Өрнектерді салыстыр. Жұптық жұмыс.Бірін – бірі тексереді.Өз бетінше жұмыс. Бағалау. Күн, ай. бұлт.

2. Сергіту сәті.
3. « Тапқырлар» . «ЖИГСО» статегиясы. «Бармақпен бағалау»
№1. Бірінші қосылғышы бірдей 5 қосынды жаз. Мәндерін тап.
№2. Мәні 8-ге тең болатын қосындылар жаз.
№3. Азайғышы 7 болатын айырмалар жаз.
№4. Қосылғыштары бірдей қосындылар жазып, мәндерін тап.
4. «Білімділер» Деңгейлік тапсырмалар. Түстер арқылы топтарға бөлінеді. «Бағдаршаммен бағалау»
Жасыл: Суретте неше үшбұрыш бар?
Сары: Қозы– 9
Лақ- ?, 6-уы кем.
Қызыл: 9 -    + 3
5. «Алғырлар» топтық жұмыс. «Түстер арқылы баяндау»стратегиясы.
1-топ. Теңдіктерді, 2- топ.Теңсіздіктерді, 3-топ. Санды өрнек, 4-топ. Әріпті өрнектерді топтастыр. Дәлелде.
9+1 55 8 5 3+6 7 7 7 9 4+5 а-2 9 9 10 7 3+7
9-а 4+а 8-2 7-3 а+3 9-3 4   3 а+8 2 2 6 6 2  8

6. «Зеректер». «Семантикалық карта». Тексеріп өзін- өзі бағалайды.

6. Үйге: Түстер бойынша деңгейлік тапсырмалар.
7. Кері байланыс: « Мен бүгін сабақта не білдім?» Эссе.
- Сабақ сендерге ұнады ма?
- Қандай тапсырмалар орындау қызықты болды?
- Қандай тапсырмалар орындау қиын болды?
8. Топ жетекшілерінің бағалауы.
9. Өзін-өзі бағалауы.
Барлық тапсырмаларды орындап «Білім еліне» келдік. Бүгін сендер өздеріңнің білімді екендіктеріңді дәлелдедіңдер. Сондықтан барлықтарыңа білім кілтін табыс етуге рұқсат етіңдер.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста