Жаңқош Тұраровтың чемпиондық айқасы өткен Алматыдағы бокс кешін ұйымдастырған Movida Promotions компаниясы лицензиядан айырылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясы хабарлады.
Еске салайық, компанияның негізін Әлімжан Қалдияров қалаған болатын. Ол промоутер ғана емес, сонымен қоса, Жаңқоштың менеджері екенін де айта кетейік.