Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBA нұсқасы бойынша әлемнің қазіргі чемпионымен кездесуі мүмкін.
Бұл туралы Asian Boxing басылымының Твиттер-аккаунтында хабарланды.
 Бұл жайт Дүниежүзілік бокс қауымдастығының орта салмақтағы тұрақты әлем чемпионы, жапондық Риота Мурата туралы. Бұрын ол Геннадий Головкиннің әлеуетті қарсыласы ретінде қарастырылатын. Титулдық жекпе-жек келесі жылы өтеді деп күтілуде.
Айта кету керек, отандасымыз соңғы рет 10 қазанда аргентиналық Гонсало Кориамен кездесті. Жекпе-жек тек екі раундқа созылды. Жәнібек қарсыласын нокаутқа жіберіп, WBO нұсқасы бойынша үздік үш боксшының қатарына енді.
stan.kz