Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Ташкенттегі әлем чемпионатына қатысып жатқан бокстан Қазақстан құрамасына үн қатты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
"Сәттілік бауырлар", - деп жазыпты Жәнібек Twitter желісінде.
Қазақстан бұл жарысқа барлық 13 салмақта боксшы апарды.
Еске салайық, кеше басталған әлем біріншілігінде рингке шыққан қазақстандық екі боксшы да алғашқы айқастарында жеңіске жетті - Талғат Сырымбетов (60 келі) және Айбек Оралбай (92).