Теренс Кроуфорд жартылай орта салмақта алғашқы абсолютті чемпион атанды
30 шілдеге қараған түні Лас-Вегаста (АҚШ) бокс кеші өтті. Оның басты оқиғасы америкалықтар Эррол Спенс пен Теренс Кроуфорд арасындағы жартылай орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Шредингер спорты Telegram-арнасына сілтеме жасап жазды.
Теренс Кроуфорд (40-0, 31 КО) жеңіліп көрмеген өзге америкалық боксшы Эррол Спенсті (28-1) жеңді. Спенс бұл жекпе-жекте мансабында алғаш рет нокдаунға түсті.
Э. Спенс кездесу барысында нокдаунға жалпы үш рет түсті – екінші және жетінші раундтарда. Жекпе-жек тоғызыншы раундта тоқтатылды.
35 жастағы Кроуфорд бұл күні WBO атағын қорғады. Ол өз мансабында үш салмақ титулдарын жеңіп алған болатын.
33 жастағы Спенс осы жекпе-жекке дейін WBC, WBA және IBF белдіктеріне ие болды. Ол бүкіл мансабын жартылай орта салмақта өткізді. Алғаш рет 2017 жылы әлем чемпионы атанды.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz