Ташкенттегі ӘЧ-ге баратын боксшылар тізімі жарияланды

Ташкенттегі ӘЧ-ге баратын боксшылар тізімі жарияланды

Ташкентте өтетін бокстан әлем чемпионатында өнер көрсететін Қазақстан ерлер құрамасының құрамы анықталды. Қазір ұлттық құрама боксшылары Шымкент қаласындағы "Алма-Тау" базасында соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Vesti.kz тілшісі ҚР МСМ Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды.

Бас бапкер Мырзағали Айтжанов әлем чемпионатына қатысатын боксшылардың есімін атағаннан кейін, ақсақалдар "батасын" беріп, Қазақстан бокс федерациясының басшылығы өз тарапынан бағыт-бағдар мен нұсқауларын жасады.

 

Өзбекстан астанасында ел намысын қорғайтын боксшылар:

 

48 кг: Санжар Тәшкенбай

51 кг: Сәкен Бибосынов

54 кг: Махмұд Сабырхан

57 кг: Серік Теміржанов

60 кг: Талғат Сырымбетов

63,5 кг: Санатәлі Төлтаев

67 кг: Дулат Бекбауов

71 кг: Асыланбек Шымбергенов

75 кг: Нұрқанат Райыс

80 кг: Нұрбек Оралбай

86 кг: Сағындық Тоғамбай

92 кг: Айбек Оралбай

+ 92 кг: Қамшыбек Қонқабаев

 

"Бұл әлем чемпионатына баратын үміткерлерді біз ұзақ уақыт әрі тиянақты іріктедік. Жыл басынан бері бірнеше оқу-жаттығу жиынын өткіздік, жігіттерді түрлі жарыстарға апардық. Әр боксшыға қатысты сараптама жасадық, сондықтан, әрқайсысының шамасын білеміз. Әлем чемпионатына бірінші рет қатысатын 3 былғары қолғап шеберіміз бар. Олар жас болса да, тәжірибесі толысқан, бокс әлемінде алар орындары бар. Халықаралық аренада намысты қолдан бермейді деген сенімдемін", - деді Мырзағали Айтжанов.

 

"Бапкерлік құрам боксшыларды әлем чемпионатына жақсылап дайындап апара жатыр. Дұрыс таңдау жасады деп ойлаймын. Өз кезегінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Кеңес Рақышев басқаратын Қазақстан бокс федерациясы тарапынан барлық жағдай жасалды. Боксшылар мен бапкерлер олардың өнерін бүкіл Қазақстан тамашалайтынын біледі, сондықтан жауапкершілікті түсінеді. Құрамамызға сәттілік тілейміз", - деп атап өтті Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Маратбек Мықтыбеков.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста