WSB жобасының он бірінші турында кездесетін АҚШ "нокаутшылары" мен "Астана Арландарының" шаршы алаңға шығатын боксшыларының жұптары жарияланды, деп жазады "Алаш айнасы".
Бұл кездесу 27 наурызда Майамиде өтеді. Бірақ біздің уақытпен 28 наурыз күні таңғы сағат 6:00-де басталады. Шаршы алаңа шығатын боксшылар жұбы төмендегідей:
49 келі: Франко Джошуа – Теміртас Жүсіпов
56 келі: Мартинес Франциско – Мейірболат Тойытов
64 келі: Ирби Тайрек – Самат Бәшенов
75 келі: Хендерсон Кэлвин – Мейірім Нұрсұлтанов
91 келі: Тэйлор Эдриан – Василий Левит
Естеріңізге сала кетейік, биылғы маусымдағы "Astana Arlans" және "USA Knockouts" клубтары арасындағы бірінші кездесу Қарағандыда өткен. Онда Қазақстан клубы 5:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Майами төріне керілген шаршы алаңда да қазақтың күрзі жұдырықты боксшылары жеңіске жетеді деп сенеміз.