Британиялық журналист Бен Смит Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) жекпе-жегіне қатысты өз болжамын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.
Трилогия 17 қыркүйек Лас-Вегастағы T-Mobile Arena шаршы алаңында өтеді.
"Головкинге "Канеломен" айқаста қиын болады. Кейінгі кездесуінен бері төрт жыл өтті. GGG ол кезде бабында еді және Альвареске үлкен қиындық туғыза алатын. Генадий екі жекпе-жекте де жеңді деген ойдамын. Алайда үшінші айқас өзгеше болады. Мексикалық тамаша күйде. Биволдан жеңілгенде жанкүйерлер абдырып қалды, дегенмен, GGG-мен жекпе-жекте ол анық фаворит. Бұл мен үшін ең мықты әрі көптен күткен айқас", - дейді Смит.