Рио-2016: Әділбек Ниязымбетов күміс жүлдегер атанды

Рио-де-Жанейро Олимпиадасында ел қоржынына 13-медальды боксшымыз Әділбек Ниязымбетов салды. 81 келі салмақтың серкесі XXXI ойындардың күміс медалін иеленіп, қатарынан екінші мәрте Олимпиада жүлдегері атанды. Әділбек Ниязымбетов Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері атанды.

Лондондағы жетістігін қайталаған жерлесіміз финалда әлемнің үш дүркін чемпионы кубалық Хулио Сезар Ла Крузден ұпай санымен жеңілді. Әділбек жекпе-жекті ширақ бастады. Бірден шабуылға шыққан Ниязымбетов қарсыласын бұрыштан-бұрышқа қуды. Тіпті, екінші раундта қазақстандық боксшы Ла Круздың мысын басқандай болған. Алайда төрешілер басқаша шешім шығарды. Үш раунд бойы кубалық боксшыны аңдыған жерлесіміз күміс медальды қанағат тұтты. Маңғыстаулық былғары қолғап шебері финалдан кейін көз жасын тия алмай, өкініштен өзегі өртеніп тұрғанын жасырмады. Әділбек Ниязымбетов, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері: - Қолымнан келгенше бәрін істедім, енді бұл бірінші рет емес, екінші рет алып отырмын. Алланың жазған шығар. Енді өзім де сездім. Қазір демалып болғаннан соң айтпасам, толқып отырмын. Өкіндім, қатты өкіндім, өкінішімді баса алмайтын шығармын деп ойлаймын. Мырзағали Айтжанов, Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері: - Әділбек өте жақсы өнер көрсетті. Әлемнің үш дүркін чемпионымен қалай ойнайсың, барлық тапсырманы орындады. Қуалады, кейбір жерде тигізді. Былайша айтқанда, бүкіл залдың өзіңіз көрдіңіз ғой, біздің еліміздің жанкүйерлерінен бөлек бүкіл әлем Қазақстанды қолдап жатыр. Құр қашқаннан басқа ештеңе істеген жоқ Ла Круз. Бүгін Әділбек азғантай болса да жеңді. Әділбектің финалда жеңілмегенін аса ауыр салмақтағы Лондон Олимпиадасының чемпионы, қазір кәсіпқой бокста атой салып жүрген британиялық боксшы Энтони Джошуа да айтады. Риоға боксшылардың өнерін тамашалау үшін арнайы келген ол қазақ жігіттерінің шаршы алаңдағы өнерін жоғары бағалады. Энтони Джошуа, Лондон Олимпиадасының чемпионы: - Бұл екі мықты боксшының кездесуі болды. Екеуі де тең дәрежеде жұдырықтасты. Сондықтан жеңімпазды анықтау қиын. Жалпы қазақ жігіттері Олимпиада ойындарында тамаша бокс көрсетіп жүр. Жаттықтырушыларыңыз спортшыларды өте мықты дайындықпен әкеліпті. Қазақ боксшыларында дәл қазір бір алтын, екі күміс медаль бар. Бүгін шаршы алаңға Дариға Шәкімова мен Иван Дычко шығады. Дариға жартылай финалда америкалық Клара Шилдспен қолғап түйістірсе, Дычко финалдық жолдаманы британиялық Жое Джойспен сарапқа салады.

24.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста