Рингтен зембілмен әкетті: Нокаутқа түскен боксшы комада жатыр
Америкалық боксшы Патрик Дэй қарсыласы Чарльз Конвеллдің соққысынан соң өмір мен өлім арасында жатыр. Спортшы нокаутқа түсіп, қайтадан орнынан тұра алмады. Дэй бірден комаға түскен деп жазады FightNews сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Дэй мен Конвелл "Усик-Уизерспун" жекпе-жегінің андеркатында өнер көрсеткен.
Ауыр нокаут 10-раундта орын алған. Патрик қарсыласынан қатты соққы алып, оны рингтен зембілмен шұғыл ауруханаға жеткізген.
Медициналық мекемеге бара жатқан жолда Дэй есінен танып қалып, комаға түскен.
Ауруханадағылар боксшының бас миына шұғыл ота жасаған. Қазір спортшы ауыр жағдайда. Дәрігерлер Патрик Дэйдің өмірі үшін күресіп жатыр.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу