Қазақстандық қос боксшы әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионатын Талғат Сырымбетов пен Айбек Оралбай жеңіспен бастады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Дүниежүзілік додаға алғаш рет қатысып отырған 22 жастағы Талғат Сырымбетов 60 келіге дейінгі салмақта таиландтық Сакда Руамтхаммен жұдырықтасты.

 

 

Талғат үш раунд бойы шабуылдап, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.

 

Т.Сырымбетов 1/16 финалда өткен жылғы Азия чемпионы, иорданиялық Мохаммед Абу-Джаджехпен рингке шығады.

 

Айбек Оралбай 92 келіге дейінгі салмақта 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, болгариялық Радослав Панталеевпен шеберлік байқасты.

 

 

Айбек бірінші раундта-ақ қарсыласын нокдаунға жіберді. Қазылар есебі – 5:0.

 

А.Оралбайдың келесі қарсыласы да осал емес. Ол 1/16 финалда өткен жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, италиялық Азиз Аббес Мухийдинмен кездеседі.

 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын әлем чемпионатында қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары анықталғанын жазған болатынбыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста