Қазақстандық нокаутшыны сұлатқан боксшы Головкин салмағындағы чемпионның кардында шығады

Желтоқсан айында қазақстандық Али Ахмедовты (16-1, 12 КО) нокаутқа түсірген эквадорлық боксшы Карлос Гонгораның (19-0, 14 КО) келесі қарсыласы мен жекпе-жек күні белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

 

Гонгора 17 сәуір Холливудта өтетін бокс кешінде рингке шығады. Бұл шоудың басты айқасында орта салмақта WBO чемпионы америкалық Деметриус Андраде (29-0, 18 КО) мен британиялық Лиам Уильямс (23-2, 18 КО) жұдырықтасады.

 

Екінші орта салмақта өнер көрсететін Карлостың қарсыласы америкалық Кристофер Пирсон (17-2, 12 КО). Кездесу 12 раундқа есептелген.

 

Айта кетейік, Гоногора Ахмедовты жеңгеннен кейін IBO чемпионы атанған еді.

 

Ал Андраденің салмағында қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) өнер көрсетеді. Головкин келесі жекпе-жегін көктемде, WBA Super титулына ие жапониялық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жұдырықтасады деп жоспарланған.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста