Notifight.com порталының шолушысы Людо Саенс Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық Жан Кособуцкийдің (19-0, 18 КО) "Арыстан" лақап атты дағыстандық Арсланбек Махмудовпен (15-0, 14 КО) болатын айқасына қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.
Ауыр салмақтағы қазақстандық нокаутшы кейінгі айқасында германиялық Хуссейн Мухамедті (17-1, 14 КО) үшінші раундта нокаутпен жеңіп, WBC International титулын қорғап қалды. Осының арқасында Жан ұйым рейтингінде сегізінші орынға көтеріліп, Махмудовпен жекпе-жек өткізетін болды.
"Кособуцкий кезекті қарсыласын қиналмай жеңді. Бәрін бақылауында ұстады, дегенмен аяғына дейін жеткізу керек болған дүниелер де жоқ емес. Ал Махмудовпен айқас оның карьерасындағы ең ауыр жекпе-жек болмақ. Жеңіс құны - чемпиондық айқас. Демек қарсыластар да басқа болады. Мұнда енді мүлде басқа жылдамдық, соққылар дегендей. Келесі айқасқа кемшіліктерді жойып, ең мықты формада болу қажет", - дейді Саенс.