Бокстан Өзбекстан құрамасы кіші әлем чемпионы атанып кеткен Странджа кубогі атты халықаралық жарыста бірегей жетістікке жетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
"Екінші жыл қатар Өзбекстан бірінші орында - жеті алтын, төрт күміс және бес қола. Бұл керемет жетістік! Жеті алтын жүлде - мұндайды әлі ешбір ел жасаған емес! Ғаламат. Ал енді әлем чемпионатында, Олимпиадада не болады екен - елстете де алмаймын", - дейді "неКАРАтэ" YouTube арнасының авторы.
Қазақстан құрамасына бұл жарыста бірде-бір алтын бұйырмады. Ел қоржынында тек бір күміс пен бір қола ғана.
Мысал үшін, Странджа кубогінде былтыр Қазақстан тоғыз жүлде жеңіп алған - екі алтын, екі күміс және бес қола жүлде. Ол кезде де Өзбекстан бірінші болды, ал біздің команда Ресеймен бірге екінші орынға тұрақтаған болатын.