22 жастағы қазақстандық боксшы Дилшат Нұрым 25 жастағы қырғызстандық Дастанбек Иманғазиевті кәсіби бокс кешінде нокаутпен жеңді. Жекпе-жек 13 тамызда Ташкентте өткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Боксшылардың кездесуі алты раундқа жоспарланған, бірақ мерзімінен бұрын аяқталды. Үшінші раундтың екінші минутында Дилшат Нұрым апперкот арқылы қарсыласын нокдаунға жіберіп, бірнеше секундтан соң ринг бұрышына тақады. Кейін Иманғазиев жекпе-жекте жалғастыра алмай, отандасымыз техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Бұл – Дилшаттың кәсіби бокстағы бесінші кездесуі. Мұның алдындағы жекпе-жектерінің барлығында жеңіске жеткен. Ал Дастанбек Иманғазиев тоғызыншы рет жеңілді.