Қазақстандық боксшы Серік Мұсәділов (9-0, 9 КО) кәсіпқой рингтегі оныншы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24» Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Жерлесіміз бірінші ауыр салмақтағы вакантты NABA чемпионы атағы үшін америкалық Ламонт Кейперспен (10-14-5, 2 КО) жұдырықтасты.
Жекпе-жек барлық сегіз раундқа созылып, 26 жастағы павлодарлық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Серік Мұсәділов әлі кәсіпқой бокста 10 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті.