Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында 60 келі салмақ дәрежесінде жарыс жолына шыққан қазақстандық боксшы Талғат Сырымбетов келесі кезеңге өте алмады, деп хабарлады turkystan.kz.
Отандасымыз бұл кездесуде иорданиялық Мұхамед Абу-Джаджехтті қуып жүріп сабаса да, төрешілер жекпе-жек соңында басқаша шешім қабылдады.
Алғашқы раунд төрешіден ескерту қағазын алған иорданиялық боксшының пайдасына жазылды. Есеп – 4:1. Екінші раундта дәл осы есеп айырмасымен біздің боксшы жеңіске жетті. Шешуші раундта төрешілер шабуылға жиі шығып, бірінші нөмірмен жұдырықтасқан, көп соққы бағыттаған Талғат Сырымбетовті құшақтасудан қолы босамаған Мұхамед Абу-Джаджехке жығып берді.
Осылайша Талғат жарысты екінші айналымнан аяқтады.