Қанат Ислам туралы негізсіз айтылған сынға жауап қайтарылды

Әдетте сын айтылса қарым жауап жазылады. Сосын әлгі сынды жариялаған сайттағылар сол қарымта жауапты сайтына салып тағы да рейтингін көтереді. Дәстүр жалғассын. Көп достарым жекеге шығып, Қанат Исламға қатысты мақалаға жауап жазғаның дұрыс деп жатыр. Ендеше біреулер сияқты атымды бүркемей адамдықпен жауап жазайын. Айтпақшы, әлгі мақаланы бөліскен «әділет іздеушілер» де осыны бөліседі деп ойлаймын. Әйтпесе көреалмаушы екені білініп қалады, деп жазды Қанат Исламның PR-менеджері Берік Сұлтан өзінің фейсбуктегі парақшасына. Бұл туралы Caravan.kz  медиа-порталы хабарлады.

Біріншіден, адам егер сынына сенімді болса мақаласына бүркенше есім қолданбайды. Өзіне де сөзіне де сенімсіз адамдар осылай көрпе асынан күңкілдейді. Сосын, «көптен бері жаза алмай, қолымыз босамай» деп бастаған мақаласынан-ақ мұның бір адам жазбағанын аңғаруға болады. Яғни Қанатқа қатысты жағымсыз ақпарат жазу бір адамның емес, бірнеше адамның идеясы. Бұл жазғанынан анық көрініп тұр. “Елдің қамын ойлайтын бір ұл туса, Оны қабатын екі ит қоса туылады” деп айтқан балалар сөзінің растығын-ай! Әр сөзіне мән бермей-ақ қояйын. Бірақ маңыздыларына тоқталып кеткенім дұрыс шығар. Ендеше оқып шығыңыз.

«Кәсіпқой рингте әзірше жеткен жетістігі, тындырған ісі болмаса да, әйтеуір қазақ жанкүйерлері арасында аса танымал» -депті. Осы сөзінен-ақ мақалының аяғы не ортасы қалай болатын білуге болады. Осы сөзінен-ақ шын жанашыр ретінде емес, көре алмаушы пікірді ұстанатынын көзі ашық адам бірден байқайды. Ал, жеткен жетістік, тындырған іс жоқ дегені тіпті күлкілі. Боксты түсінбейді екен. Мақсаты әйтеуір күйе жағып қалу. Сәл тарқатайын. Қанаттың салмағында әлем бойынша 1793 боксшы бар. Сол боксшылардың ішінде қазір Қанат 54 орында. Қанат 1739 боксшыны артқа қалдырып тұр. Бұл оларша жетістік емес пе? Бүкіләлемдік WBA тұжырымы бойынша Қанат Ислам 4 орында тұр. WBO тұжырымы бойынша 6 орында, IBF бойынша 13 орында тұр. Әлемдік рейтинг бұл. Әлем боксшыларының арасынан 4 орында тұруды жетістік деп есептемесе, онда білмеймін. Қанат WBA fedelatin, WBO intercontinental белеуін жеңіп алды. Сол тұжырымның чемпионы. Сонда құрлықаралық чемпион болуды да жетістік емес деп отырған болды ғой. Жарайды. Бұл мақаланы жазғанның өте сауатсыз әрі өлшемі тар екенін білдік. Сауатты болса осы көрсеткіштерден хабары болар еді. Сосын еш жетістігі жоқ деп айтуға ыңғайсызданар еді.

Тағы бір қызығы «Қанат 33 жасқа толады. Уақыт пен күш-қуатты ешкім ұстап тұра алмайтыны беске бесті қосқанда 10 болады дегендей айдан анық қой» -депті. Осыны жаза отырып ет пен сүйектен жаралған Хопкинстің 45-тен асқанда әлем чемпионы болғанын білмеді-ау. Иә, Қанат 33 жаста. Бірақ 51 жасар боксшылар жекпе-жек өткізіп жүргенде 33-ті кәрі деуге болмайды. Иә, Қанат Ислам жас емес, бірақ көп адам ойлағандай бокспен қоштасар уақыты жақындаған қарт боксшы да емес.

Қанатты халықтық боксшы депті. Қуантыштымыз. Халықтық боксшы деген ол халық сүйеді деген, халық құрметтейді деген сөз ғой. Екінің бірі халықтың махаббатына бөлене алмайды. Халық та екінің бірін құрметтеп сүйе бермейді. Халықтың махаббатын алудан асқан бақыт жоқ. «Мен үшін бокс ұлттық мүдде, мен елімнің атын шығару үшін жүрмін» деген Қанатты халықтың боксшысы емес деу өте үлкен қателік болар еді. Қанатты халықтан, Қанаттан халықты тартып алу мүмкін емес. Өліп кетсе де Қанат ұлтын сатпайды. Халқының беделіне нұқсан келетін іс жасамайды. Сосын жас боксшылаға да халықтың боксшысы болуға кеңес беремін. Елмен бірге болуға шақырамын. Белбеу деген уақытша, халық мәңгі. Халықтың сүйікті боксшысы айналуды сіздерге де нәсіп етсін.

Әлгі мақаланы жазған бала «Соңғы жылдары Қанат Ислам елге жиі келгіштеп кетті» депті. Сіз де бұл сөзге күлген шығарсыз?!

Енді өз еліне келмей қайда барады?! Қанат Қазақстанның азаматы. Қазақтың Қазақстанға неге келе береді дегені ақылы бар адам үшін біртүрлі сұрақ қой иә?! Қанат елге келіп, аяғын аспанға көтеріп жатыр деп ойлайтындар жоқ шығар. Сонда да 1-2 сөз жаза салайын. Қанат елге келіп, әр өңірдің жастарымен жолығып ағалық ақылын айтып, жас боксшыларға жол көрсетуде. Қанат елге келіп, ашық жаттығу жасап, балаларға шеберлік сыныбын өткізуде. «Бізге кішкентайымызда ақыл айтатын ағалар болмады. Інілерім де сол қиындықты көрмесін. Білгенімізді үйретейік. Бірі болсама бірінің жүрегіне от жағылар» – деп елге келіп, білгенін үйретудің несі айып?! Кім жамандық көрді. Кім зиян тартты?!

«Қабағым жарылғанда бір секунд ішінде елімді ойладым» дейді. Шындығына келгенде ол елін емес, өзін ойлады» – депті әлгі сынаушы. Мынау енді ақылға сыймайтын айыптау ғой. Қанатты білмейтін адамның пікірі. Сыртта тұрып тас ату ғой. Қанат: «Рингке көтерілгенде тек өзің емес, ол жерге ұлтыңның абыройы, намысы, көк туы сенімен қоса шығады» деген сөзін ол оқымаған шығар. Әлде ондай дүниеден мүлде хабарсыз. Қабақ жарылып, жекпе-жекті тоқтатса жеңіліс болады. Ал ол рингке тек Қанат емес, көк ту шықты, намыс шықты. Қанат жеңілсе көк ту желбіремейді. Қанат сол үшін елді ойладым дегенін бәрі түсінді. Тек бір топ қана ұқпай қалған сияқты.

Тағы бір қызығы Қанаттың шетелдік атақты сайтқа берген сұқбатындағы Гена туралы пікіріне сын айтыпты. Ол сұқбатты оқымағандар үшін жаза кетейін. «Біздің ел үшін атақтан бұрын бауырмалдық бірінші орында тұрады. Головкин екеуміз бір-бірімізді сабағанша, ол өз салмағында мен өз салмағымда чемпион болу әлдеқайда артық деп ойлаймын» -деді Қанат.

Бұл сұқбаты арқылы Қанат әлемге не айтты?! Қазақстанның бауырмалдығын, боксшыларының адамдығы мен деңгейін, сыйластығын көрсетті. Иә, мұны АҚШ-тың не Мексиканың боксшылары айта алмайды. Мүмкін ойлай да алмайтын шығар. Қанат осы мінезімен де өзгелерден ерекшеленеді. Себебі ол қазақ. Екі қазақтың әлемге шоу сыйлау арқылы белдікке таласуынан гөрі, бауырмалдық артық деді. Бұл оның азаматтық ұстанымы. Қазақылығы. Қанат пен Генаны төбелестіргісі келетін пиығылын да жасырмады иә, әлгі мақала авторы.

Неге Қанаттың лақап аты – ҚАЗАҚ?! Қанат «Қазақ ұлтын әлемге таныту үшін жүрмін» – деді. Сол үшін қазақ. Мұны түсінбейтіндер бәрі-бір түсінбейді. Себебі ұлттық деңгейде ойлана алмайды.

Енді түйіндейін. Иә, бәріміз Қанат Исламның әлем чемпионы болуды қалаймыз. Тілеулеспіз. Қанат оны бізден артық қалайды. бірақ қазақ, сабақты ине сәтімен дейді. Оны да түсіну керекпіз. Байқасаңыздар, әр жекпе-жек сайын Қанат сол атаққа шығуға жақындап келеді. Бұрын ондай емес еді, қазір шетелдік журналистер Қанат туралы жиі жаза бастады. Түрлі компаниялар ұсыныс білдіруде. Титулға өте жақын қалды. Кәсіпқой бокста 5 жыл деген аса көп уақыт емес. Иә, аз да емес. Промоутері бар күшін салып, жұмыс істеуде. Әрине, өздеріңіз білетіндей әлем чемпионы атағына жұдырықтасу үшін көп ақша керек. Чемпиондар миллиондаған доллар сұрайды гонарарына. Бұл шаруамен де қазір айналысып жатырмыз. Бұл бір мақаламен Қанаттың абыройы түспейді. Сосын бұл мақаланы біреулер айтқандай сын деп те қабылдауға болмайды. Себебі сын айтылған жерде жол көрсетіледі. Ұсыныс қоса айтылады. Ал әлгі мақала тек қаралау, шабуылдау. Соны сайтына жариялаушылардың да ұлттық сүзгі жоқ екені көрініп тұр. Әйтпесе шу шығатын, пайдасыз мақалалардың керегі не?! Әлде қоғамда бәрі айтылып, айтылмаған Қанаттың титулы ғана қалып па еді?! Сөз соңы. Берік, жоспар қандай деп сұрағандарға айтарым, өте жақында Қанатты әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасқанын көретін боласыздар. Жоспар бойынша бәрі өз уақытында жасалады. Біреу айтты екен деп, бүркеншек есіммен іреу сынады деп жоспарымызды бұза алмаймыз. Осы жекпе-жекті бітіріп, қыркүйекте өтетін бокс кешіне дайындықты бастаймыз. Жеңісті күнде жолығайық, қазақтар! 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста