Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) жартылай жеңіл салмақта ұйым чемпионы атағы үшін жекпе-жекке санкция берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Енді британиялық Ли Вуд (27-3, 16 КО) өзбекстандық үміткер Отабек "Брюса Ли" Холматовпен (11-0, 10 KO) жұдырықтасу тиіс.
27 мамыр Манчестерде (Англия) Вуд мексикалық Маурисио Ларамен қарымта өткізіп, титулды өзіне қайтарған. Енді ол 26 қыркүйекке дейін қорғау өткізу қажет.
WBA келіссөз өткізу үшін тараптарға 30 күн уақыт берді. Егер боксшылар 29 маусымға дейін келісе алмаса, WBA промоутерлік сауда белгілейді.