Англияның Ньюкасл қаласындағы Newcastle аренасында өткен бокс кешінде өзбекстандық Отабек "Брюс Ли" Холматов (11-0, 10 КО) пен жергілікті Томас Патрик Уорд (33-1-1, 5 КО) арасында WBA тұжырымы бойынша элиминатор жекпе-жек өтті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Өзбек боксшы "Британиялық Ломаченко" атанып кеткен қарсыласын бірінші раундта-ақ бір құлатты. Төртінші раундта тағы бір нокдаун болды.
Ал келесі раундта бірнеше соққы өткізіп алған Уорд шалқасынан түсті, ал оның командасы рингке ақ орамал лақтырды.