Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн қазақстандық Данияр Елеусіновтің (10-0, 6 КО) өзінен неге кеткендігін түсіндірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Боксшыларымыздың көбі бізбен келісімшарт бойынша жұмыс істейді. Мен өз пікіріме адалмын. Егер боксшы бізбен қалғысы келмей, өзіне жайлы болар басқа жер бар десе...
Жақында Данияр Елеусіновті келісімшарттан босаттық. Нарықта өзіңіз болмасаңыз қиындау, Қазақстандағы сияқты, ондайларды біз жүрген нарықта өткізу қиын.
Біз қазір жұмыс істеп жүрген және алда жұмыс істейтін нарыққа бар назарымызды салғымыз келеді. Аустарлияға шығатынымыз уақыт еншісінде ғана екені жасырын емес. Біз боксшыларды осы нарықтан таңдаймыз, сонымен бірге, Мексика, АҚШ, Ұлыбританиядан, оларда қажетті база бар жерден", - деп береді Хирннің сөзін Boxingscene.com.
Еске салайық, Эдди Хирн біраз уақыттан бері өзге қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) де ісін жүргізіп келеді.