WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерстің пікірінше, Головкин-Альварес реваншында нокаут болмаса, төрешілердің бүйрегі мексикалық боксшыға бұрады, деп жазды Sports.kz.
"Де ла Хойяның қамқорлығында "Канелоны" ұпай санымен жеңу қиын деп есептеймін. "Канело" – Флойд Мэйвезерді "тонауға" әрекеттенген жалғыз адам. Егер ұпай сандары жақын болса, Головкин жеңбейді. Мұндай жағдайда жеңісті "Канелоға" береді", – деді Сондерс Fighthub сайтына берген сұхбатында.
Головкин мен Альварестің реваншы 5 мамырға жоспарланып отыр. Жекпе-жек қайда өтетіні алдағы 2-3 аптада белгілі болады. Алғашқы жекпе-жек 16 қыркүйекте тең аяқталған еді.