Назым Қызайбай: Менен жеңілген спортшылар Олимпиадаға жолдама алып кетті

Дубайда өткен бокстан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер командасы жалпы есепте көш бастады. Алтынан алқа таққан үздіктердің бірі Назым Қызайбайдың Almaty.tv тілшісіне берген сұқбатты назарларыңызға ұсынамыз.

 

 

- Азия чемпионатында бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы сегіз алтын иеленіп, жалпы есепте көш бастады. Жалпы команда осындай жоғары дәрежеге жетеді деп ойладыңыз ба? Жалпы дайындық қалай болды?

 

- Азия чемпионатына дайындық өте жақсы болды. Әр жарысқа тыңғылықты дайындаламыз. Бұл жолы өте жақсы нәтиже көрсеттік. Командалық есепте 1 орын алғанымызға қуаныштымын. Әрине, әр жарысқа жеңсек деген оймен барамыз. Командадағы қыздар да, мен де осы жарысқа бар ықыласымызбен дайындалдық: жаттығуларды үзбей жасадық, психологиялық тұрғыдан да жұмыстар жүргізілді. Осыған дейін көп еңбек етсек те, кей жарыстарда жолым болмай, жүлделі орындар ала алмадым. Сол себепті осы жарыста бар күш-жігерімді салдым. Ең әуелі бапкеріме, сондай-ақ бізбен бірге жұмыс істеген психолог, дәрігер сияқты мамандарға рақметімді айтамын.

 

 

- Финалда алты дүркін әлем чемпионы, үндістандық Мэри Комды жеңдіңіз, жекпе-жек қиын болды ма?

 

- Негізі оңай қарсылас емес, әйелдер боксында аты аңызға айналған спортшы деп айтуға болады. Дегенмен рингке шыққанда қатты қиналмадым, өйткені менің қарсыласым кім болатынын білдім. Өзіндік әдіс-тәсілім болды, жаттықтырушылардың айтқанын орындадым. Бес жыл бұрын ол спортшымен жұдырықтасып, жеңіліп қалғанмын. Алты дүркін әлем чемпионы болу оңай емес, шыныққан боксшы. Бірінші раунда жеңіп жатқанымды сездім, бірақ төрешілер 3/2  деп ұпайды қарсыласыма берген. Маған жекпе-жек кезінде оны айтпады, барынша салқынқанды болуға тырыстым, ашуланбай, ойымды бөлмей, қолымнан келгенін істедім. Екінші, үшінші раундта бар ерік-жігерімді жинап, жеңуге тырыстым. Қолымнан келді.

 

- Алдағы жоспарларыңыз қандай?

 

- Осы жылы Әлем чемпионаты, Азия ойындары бар, бұйырса сол жарыстарға барамыз деп ойламын. Олимпиадаға жолдама ала алмай жатырмыз, іріктеуге басқа боксшы қыз барған, бірақ жеңіліп қалды. Іріктеуге мені жібермеді. Егер барсам, жолдама алар едім деп ойлаймын. Азия чемпионатында менен жеңілген спортшылар Олимпиадаға жолдама алды. Ал біздің Олимпиадаға барып-бармайтынымыз әзірге белгісіз боп жатыр.

 

- Спортпен қай уақытқа дейін айналысамын деп ойлайсыз?

 

- Әйелдердің бокспен 40 жасқа дейін айналысуына болады. Дәл қазіргі сәтте тек спорт деп жүрмін. Ертең не боларын білмеймін. Алдын-ала болжап ештеңе айта алмаймын.

 

- Жеке өміріңізге ойыссақ. Жүрегіңізді жаулаған адам бар ма?

 

- Қазір менің өмірімде жігіт, ғашықтық, махаббат деген нәрсе жоқ. Бар ойым – спортта жақсы нәтижеге қол жеткізу, Олимпиада чемпионы болу, отбасыма көмектесу. Ал, ертең не болатынын білмеймін. Ертең-ақ бір адамға ғашық болып қалып, спортты тастап кетемін, тұрмысқа шығамын деп айтуым мүмкін. Бірақ дәл қазір ондай адам да, жоспар да жоқ. Алға қойған мақсаттарыма жеткен соң, жеке өмірім жайлы ойланамын.

 

- Сұқбат бергеніңізге рақмет!

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста