Мырзағали Айтжанов: Жан Кособуцкийдің Қазақстаннан кеткеніне өкінбейміз

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Жан Кособуцкийдің Қазақстан құрамасына керек емес екендігін айтты, - деп жазады «Алаш айнасы» интернет-порталы.

Жан Кособуцкий


Желтоқсан айының басында порталымызда аса ауыр салмақта өнер көрсететін Жан Кособуцкий алда Белорусь елінің азаматтығын алуы мүмкін деген ақпарат шыққан еді. Бүгін бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов Кособуцкийге қатысты мәселенің мән-жайын түсіндіріп, бұл сұраққа нүкте қойды.
Мырзағали Құланұлының айтуына қарағанда, Жан өте тәртіпсіз боксшы екен. Сондықтан да бокстан Қазақстан құрамасының бапкерлер қосыны оның елден кеткеніне мүлде өкінбейтінін айтты.
—  Жан бүгінде Беларусь елінде. Шамасы, сол елдің азаматтығын алып жатқан шығар. Менде ол туралы нақты ақпарат жоқ. Бір айтарым, Кособуцкий Қазақстаннан кетсе кете берсін. Оның кеткеніне біз өкінбейміз. Себебі, ол өте тәртіпсіз боксшы. Сөзсіз, оның талантты екені белгілі. Бірақ, қанша талантты болғанымен тәртіпке бағынбаса одан ешқандай да нәтиже шықпайды.
Жақсы жетістіктерге жетсін деп біз оны оқу-жаттығу жиындарына бірнеше рет шақырдық. Жаттығуға келеді. Бірақ, өзге жігіттер секілді жұмыс істемейді. Өте жалқау. Бірде ішім ауырды десе, енді бірде басқа жерім ауырды деп шығады. Содан кейін біз оны құрамаға шақырмайтын болдық.
«Жұлдыз ауруы» деген бар ғой. Шамасы, Жан Қостанайдың жұлдызы болып кетті-ау. Бір турнирде Василий Леквитті жеңіп кетіп еді. Содан кейін бүкіл Қостанай төбесіне көтерді оны. Енді оның мақсаты Иван Дычконы жеңу екен. Егер, шынымен Ваняны жеңіп кететін болса, онда Қостанай өңірінде одан асқан мықты адам болмай қалатын шығар. Одан да тыныш кеткені дұрыс. Оның орнына біз тәртіпке бағынатын, басқа жігіттерді-ақ тәрбилеп шығарамыз», - дейді Мырзағали Айтжанов.
Расында, Жан Кособуцкийдің Қазақстаннан кеткеніне өкінудің қажеті жоқ сияқты. Өйткені, бізде оның орнын басатын былғары қолғап шеберлері жетеді. Мысалы, аса ауыр салмақта ұлттық құраманың бірінші нөмірлі боксшысы – Иван Дычко бар. Сондай-ақ аса ауыр салмақта өнер көрсететін Қамшыбек Қоңқабаев пен Нұржан Бекзатовтарды әлсіз дей алмаймыз. Қала берді, аса ауыр салмақта ел намысын Руслан Мырсатаев та кез-келген уақытта қорғаймын деп сақадай-сай отыр.
Әрине, егер Жан Кособуцкий Белорусь азаматтығын алса, оның бірінші мақсаты Олимпиадаға бару екені белгілі. Бірақ ол үшін ҚР бокс федерациясының рұқсаты керек. Төртжылдықтың басты додасына Белорусь елінің атынан қатысуы үшін Жан Кособуцкий талап бойынша сол елде кемінде екі жыл тұруы керек. Бірақ, Риодағы Олимпиадаға дейін екі жылдан аз уақыт қалды. Бұл уақыт аралығында Жан Беларусь азаматтығын, бастысы лицензия ала алады ма? Бұл енді Кособуцкийдің жеке шаруасы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста