Мұхамед Әлидің "Ғасыр жекпе-жегіне" киген шапаны мен бас киімі сатылатын болды

Мұхамед Әлидің "Ғасыр жекпе-жегіне" киіп шыққан мантиясы аукционға қойылды. Боксшының Джо Фрейзерге қарсы өткізген кездесуіндегі сырт киімі бір миллионға долларға жуық қаражатқа бағаланып отыр.

Әйлігі Мұхамед Әлидің жарты ғасыр бұрын жекпе-жекке киіп шыққан шапаны аукционға шығарылды, деп хабарлайды Экспресс К.

Daily Mail-дің жазуынша, Мұхамед Әлидің 1971 жылы әйгілі жекпегінде рингке киіп шыққан ақ жолағы бар күрең түсті мантиясы аукцион арқылы сатылымға шыққан. Ұлы боксшының иығынан түспеген киімінің бастапқы бағасы 969 мың долларға бағаланып отыр.

 

Боксшының бұдан бөлек барқыт матадан тігілген бас киімі де сатылымға қойылды. Мұхамед Әли бұл бас киімді Джо Фрейзермен үшінші рет кездесерден бұрын мешітке киіп барған екен. Әлем чемпионынан қалған бұл жәдігердің бағасы да мантиядан кем түспейді деп болжанып отыр.

Қазіргі уақытта боксшы тұтынған заттар америкалық кәсіпкер Троя Кинуненнің жеке коллециясында сақтаулы тұр. Жоспар бойынша аукцион шілде айының 21 күні АҚШ-тың Техас штатында өтпек.

Мұхамед Әли мен Джо Фрейзердің арасындағы "Ғасыр жекпе-жегі" алғаш рет 1971 жылы 8 наурызда өткен. 15 раундқа созылған тартысты кездесуде жеңіс төрешілердің бірауыздан шешімі бойынша Фрейзерге берілген. Бокс шоуын әлем бойынша 300 миллионнан астам тамашалаған. Араға 3 жыл салып, 1974 жылдың қаңтар айында Әли өзінің есесін қайтарады. Ал шешуші үшінші жекпе-жек 1975 жылдың бірінші қазанында "Маниладағы триллер" деген атпен әйгілі болып, Әли 14 раундта техникалық нокаутпен жеңген.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста