Бокстан әйелдер арасындағы VІІІ әлем чемпионаты аяқталды. Оңтүстік Кореядағы шаршы алаңға ең соңынан шыққан Ләззат Күнгейбаева Ресей қызынан ұтылып қалып, екінші орынға ие болды, деп хабарлайды "Алаш айнасы".
Ең ауыр, яғни 81 келіден жоғары салмақта сынға түскен Ләззат Күнгейбаева финалда ресейлік Зенфира Магомедалиевамен қолғап түйістірді. Ресей қызының бойы биіктеу екен. Әрі ол тәжірибесінің де мол екендігін көрсете білді.
Бірінші раундта көбінесе Ләззаттың соққылары діттеген жеріне дәл әрі нық тиді. Әрі төрешілер де бірінші раундта жеңісітт бірауыздан Ләззатқа берді.
Бірақ екінші раунд басталған бетте Ресей қызы қарқынын үдетіп, құлаштап ұруға көшті. Ләззат негізінен бүркеніп, қорғануға көшіп, жекпе-жек "тізгінін" уысынан шығарып алды...
Үшінші раундта тіпті нокдаунға түсіп қалып, жеңістен үмітін біржола үзді... Сөйтіп, Ләззат Күнгейбаева Джеджу төрінде өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Жалпы, биылғы әлем чемпионатында Ресей қыздарының бақтары жанды. Олар үш алтын, бір күміс және бір қола медаль олжалады. АҚШ арулары екі алтын, бір қола еншіледі. Қытай құрамасы бір алтын, бір күміс, екі қола жүлдемен командалық есепте үштікті тұйықтады.
Қазақстан қыздары бір алтын, бір күміс медаль олжалап, әйелдер арасындағы әлем боксы көшбасшыларының өкшелерін басты. Әрі ысылып, төрткүл дүниенің үздіктерімен тайталасуға жарап қалғандарын сездірді.
Ләззат Күнгейбаева – бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері
Читайте также
Бақтияр Артаев: Айсұлу Ыбрашова мас болды
Жұлдыздар фабрикасы немесе AIBA қулығы
Азия ойындарында бастан жарақат алған боксшы болған жоқ – AIBA
Геннадий ГОЛОВКИН: Мен не үшін Ресейдің намысын қорғауым керек?
Украиналық Хитров Головкинмен кездесуді көздейді
Қарақозыны былғары қолғап шеберлері еске алды
Последние статьи автора