"Канело" өзін ойландыратын жалғыз қарсыласты атады

Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес білекке операциядан кейін жаттығуын қайта бастады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Vesti.kz тілшісі Allboxing.ru-ға сілтеме жасап жазды.

"Екі жарым ай не гольф, не бокс жоқ. Бұл қатты зеріктіреді. Операцияға ризамын, бәрі жақсы және рингке шығуға дайынмын. Бірақ тағы бір-екі апта күтіп, білегім қалай болатынын көрейік, Сосын ойланамыз", - дейді мексикалық.

 

Дегенмен Альваерстің жоспарында бір жекпе-жек нақты бар. Ол жартылай ауыр салмақта WBA чемпионы Дмитрий Биволмен қарымта. 2022 жылы мамырда Сауль ресейлік боксшыға төрешілер шешімімен есе жіберген еді.

 

"Бірақ нақты шешіліп қойған бір дүние бар. Егер бұл менің карьерам, мұрам үшін жақсы болса, мен оны жасаймын. Түрлі салмақ, көбірек титул, жақсы айқастар. Қазір мен Биволмен қарымтаны қалаймын. Бұл мен ойлап жүрген жалғыз жекпе-жек", - деп түйіндеді "Канело".

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста