Төрт салмақта әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) келесі жекпе-жегінде бірден қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жұдырықтасуы әбден мүмкін, - деп хабарлайды kaz.vesti.kz.
CNN ақпаратынша, "Канело" екінші орта салмақта WBO чемпионы Билли Джо Сондерспен (29-0, 14 КО) жекпе-жектен бас тартты деуге де болады. Британиялық даулы видеодан кейін боксшы лицензиясынан айырылды. Альварес - Сондерс кездесуі мамырда өтуі керек болатын, алайда, коронавирус пандемиясына байланысты кейінге шегерілді.
Осы жағдайға байланысты "Канело" үшін келесі жекпе-жек Головкинмен трилогия болатынына ықтимал жоғары.